7M04106 Қаржы

М072 Қаржы, банк және сақтандыру(Білім беру саласы)
7М041 Бизнес және басқару(Даярлау бағыты)
М070 Экономика(Білім беру бағдарламаларының тобы)

БББ мақсаты:

Инновациялық ойлауға ие, озық технологияларды меңгерген, әлемдік қаржы және экономикалық кеңістік жағдайына ықпалдасуға және қазақстандық және өңірлік қаржы нарығының қаржылық маңызды міндеттерін шешуге қабілетті жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • Ғылымның тарихы мен философиясын пайдалана отырып, тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде кешенді зерттеулерді жүзеге асырады.

  • Ғылыми зерттеулер жүргізуге және жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шет тілдерінің бірінде жазбаша және ауызша кәсіби коммуникацияларды жүзеге асырады.
  • Жоғары мектептің педагогика және психология білімін, өзінің педагогикалық қызметінде оқытудың интерактивті әдістерін қолданады
  • Қаржы-несие, сақтандыру, салық, бюджет, инвестициялық қатынастар саласында қазіргі заманғы білім мен түсініктерді көрсетеді
  • Кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық, қаржылық қызметіне қаржылық талдау жүргізеді
  • Қаржылық, инвестициялық, заңнамалық және өзге де ақпаратты жинақтайды, талдайды және түсіндіреді, қаржы саласындағы мәселелерді шешеді және дәлелдерді тұжырымдайды
  • Қаржылық талдауды пайдаланады, жетілдірілген Қаржы менеджменті, Қаржы нарығы саласында қабылданатын және іске асырылатын шешімдерді негіздейді
  • Бюджет-салық саясатын қалыптастырудың қазіргі заманғы әдістерін, бюджет түрлері мен төлем мерзімдері бойынша салықтарды жоспарлау және болжау әдістерін қолданады
  • Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін оның нәтижелерін одан әрі пайдалану мақсатында нарықтық және ерекше тәуекелдерді талдайды
Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз