• РУС
  • ҚАЗ
  • ENG

АҚ «АТУ»  Ғылыми кітапхана жұмысының басты бағдары – қызмет көрсету сапасын арттыру және пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыру. Университет білім беру бағдарламаларын толық меңгеру үшін білім алушылардың кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, ақпараттық деректер базасына, ЭКЖ орналасқан халықаралық дереккөздерге еркін қол жетімділігін қаматамасыз етеді.

АТУ ғылыми кітапханасы (АТУ ҒК) – жалпы ауданы 2168,9 ш.м., 2 абонемент, 4 салалық оқу залы, (+жатақханалардағы оқу залдары) 2 электрондық ресурстар орталығы, жалпы отыратын орын саны – 390. Оқырмандардың саны – 8 215, оның ішінде күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер – 6 555, қашықтықтан оқыту – 359, магистранттар – 300, докторанттар – 89, ПОҚ – 640, АТУ қызметкерлері – 251, басқа ЖОО-дан 21 қолданушы. Жыл сайын орта есеппен кітапхана 700 000 келушіні тіркейді, (оның ішінде: Telegram каналындағы «Кітапхана байланыста» чатына), 500 000-ға дейін кітап және мерзімді басылымдар оқырмандарға беріледі.

Бүгінгі таңда кітапхана қоры 940 000 данаға жуық, оның ішінде: қазақ тілінде – 456 540 дана (жалпы қордың 49%), орыс тілінде – 450 870 дана (жалпы қордың 48%), ағылшын тілінде – 29 000 дана (жалпы қордың 3%) оқу процесінің, академиялық білім беру мен ғылыми зерттеулердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.

Мерзімді басылымдар қоры – 59 000 дана (400 аталым), жыл сайын университет білім беру бағыты бойынша жазылымдарға орта есеппен 7-8 млн.теңге («Евразия пресс «агенттігі» ЖШС) бөлінеді.

Университет кафедраларының оқу бағдарламалары бойынша пәндік кітапханашы бекітілген, өзара тығыз байланыс жұмыс жасаудың нәтижесінде жыл сайын бірлесе отырып Әдістемелік қамтамасыз ету картасы құрылады және студенттермен бірге («Кітапханашыдан сұра») оқу процесіне қажетті әдебиеттерге өтінішдер қабылданады, бұл ақпараттық ресурстардың сапасын жақсартуға әкелді. «АТУ» АҚ бюджетінен жыл сайын тек оқу әдебиетіне шамамен 50 млн.теңге бөлінеді. Жинақтаудың негізгі көздері – кітап сауда ұйымдары, отандық баспалар-«Логобук» ЖШС, «InterPress» ЖШС, «Фолиант» ЖШС, «Альманахъ» ЖШС, «Лантар Трейд» ЖШС, «Эпиграф» ЖШС, «Юрайт», «Лань», «Академия», «ИНФРА-М», «Профессия», «Дашков и К» сыртқы баспалары, жергілікті кітап сауда дүкендері: «Книжный город» ЖШС, «Академкнига» ЖШС, «Атамұра корпорациясы» ЖШС, «Атамұра» ЖШС «Отбасылық кітап әлемі», «Меломан», интернет дүкен «Flip.kz» және т.б. Оқытушылар мен серіктес ұйымдардан сыйға алынған кітаптар қосымша жинақтау көздері болып табылады. (ҚР БҒМ ҒК Экономика институты, ҚР БҒМ ҒК тарих және этнология институты, Ұлттық аударма бюросы). Жаңа басылымдар тізімі

2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы құрылып, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»  жобасы жүзеге асты (қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық). АТУ ҒК барлық 110 аталым кітап алынды.

АТУ ҒК электрондық кітапханасы (АТУ ғылыми кітапханасының сайты) Университеттің ақпараттық және әдістемелік ресурстарын жинақтау және тарату құралы ретінде толық технологиялық циклдердің іске асырылуын қамтамасыз ететін MARK-SQL («Информ-система» ҮЕҰ, Мәскеу қ.) автоматтандырылған жүйені пайдаланады. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына қазақстандық, халықаралық, ЖОО аралық оқу кітапханалық платформаларына қашықтағы электрондық ресурстарымен (ҚЭР) қамтамасыз ету үшін жыл сайын шамамен 10 млн.теңге бөлінеді. Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапхана «РМЭБ», «РНТБ» АҚ, «Ғылым ордасы» ШЖҚ РМК, ЭКЖ «ZNANIUM.COM» (Мәскеу), ЭКЖ «Лань» (Санкт-Петербург), «IPRbooks» ЭКЖ (Саратов), ЭБС EBSCOhost (АҚШ), «GREBENNICON» ИД (Мәскеу), «СмартИнфо» ЖШС жыл сайынғы жазылымдар.  ЭКЖ келісім шарттары

Бізбен қалай байланысуға болады?

Ғылыми кітапхананың мекен-жайы:

Қазақстан, 480012

Алматы қ., Төле би к-сі, 100,

АТУ Бас оқу ғимараты, 3 қабат;

Тел.: +7 (727) 293 53 19 (157, 185)

web site: https://library.atu.kz

Райымбек даңғылы 348/5 мекен-жайындағы ғылыми кітапхана бөлімшесі:

Қазақстан, 480061

Алматы қ., Райымбек даңғылы 348/5

АТУ ғимараты, 3Б оқу корпусы, 2 қабат;

Тел.: +7 (727) 276 97 06 (124)

Қызметкерлер құрамы:

Толекова Бахыт Турсагуловна

ҒК директоры

Тел.: 7(727)293 52 95 (ішкі. 157)
E-mail: b.tolekova@atu.kz

Айдарбек Баубек Айдарбекулы

ҒК директорының орынбасары 

Тел.: 7(727)293 52 95 (ішкі. 240)

 

Суттибаева Куляш Беделбековна

Тел.: 7(727) 293 52 95 (вн. 185)
E-mail: k.suttibaeva@atu.kz

 

Әуелбек Арайлым Нұрышқызы

Әдебиеттерді алу және өңдеу бөлімінің меңгерушісі

Тел.:7(727)293 52 95 (ішкі. 185)
E-mail: a.auelbek@atu.kz

Суттибаева Айжан Жумагалиевна

Оқырмандарға қызмет көрсету сектор менеджері

Тел.: 7(727) 396 71 33 (ішкі. 124)
E-mail: aiko.s_87@mail.ru

 

Абдрешова Римма Нуспалиевна

Жетекші кітапханашы

Тел.: 7(727)293 52 95 (ішкі. 245)
E-mail: r.abdreshova@atu.kz

 

Кебисбаева Гульнара Альжанкызы

Жетекші кітапханашы

Сулейменова Роза

Кітапханашы

Тел.: 7(727)293 52 95 (ішкі. 185)
E-mail: r.suleimenova@atu.kz

 

Амиржанова Гульмира Назарбековна

Оқу залының сектор меңгерушісі

Советхан Сымбат Ерназарқызы

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы

Тел.: 7(727)293 52 95 (ішкі. 240)
E-mail: s.sovetkhan@atu.kz

 

Фурката

Дюсекова Таттыгуль Сагындыковна

Библиограф

Тел.: 7(727)293 52 95 (ішкі. 185)
E-mail: t.dusekova@atu.kz

Электрондық ресурстар орталығы

Тимошенко Виталий Александрович

MARK SQL кітапхана жүйесі бойынша жүйелік әкімші

Тел.: 7(727)293 52 95 (ішкі. 240)
E-mail: b.timoshenko@atu.kz