• РУС
  • ҚАЗ
  • ENG
Факультеттер бойынша 2020-2021 оқу жылының 2 семестрі бойынша 1 курстарды оқыту жөніндегі түсіндірме жұмыстарын жүргізуге байланысты

2020 жылдың 29 желтоқсанынан 2021 жылдың 12 қаңтары аралығында әр факультетте 1 курс студенттеріне арналған онлайн жиындар өткізіліп, ҚР БҒМ 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрін өткізу бойынша кеңестері талқыланды:

  • лекция мен практикалық дәрістерді онлайн форматта өткізудің тәртібі;
  • 2б корпусында зертханалық дәрістерді өткізудің тәртібі;
  • дәрістердің күнтізбесін жасаудың ерекшеліктері;
  • жатақханаға орналастырудың талаптары, тәртібі, төлемақысы;
  • студенттер 5 емханаға тіркеліп, медициналық тексерістен өтуі тиіс;
  • өзге ЖОО-ларға ауысу тәртібі;
  • оқудың төлемақысын қалай төлейтіні туралы түсіндірілді;
  • оқу корпустары мен жатақханада wi-fi-дың болуы.

Студенттер және олардың ата-аналары жатақхананың бір бөлмесінде неше студенттен тұруға болатыны жайлы, студенттердің тамақтануы жөнінде сұрақтар қойды.

Оқу бағдарламасының аралас оқыту жүйесіне көшуі жайында Факультеттер кеңесінде талқыланды. Кафедра меңгерушілері, Сапа бойынша Комиссия мүшелері және 1 курстың академиялық топтарының кураторларымен тиянақты түсіндірме жиналыстар өткізілді.

Аралас оқыту туралы түсіндірме жұмыстары

2021 жылы 15 қаңтарда сағат 11:00 АТУ басшылығы профессор-оқытушылармен online режимде ZOOM платформасында жиналыс өткізді.

Сол күні сағат 15:00 1-курс студенттерімен де кездесу ұйымдастырылып, 2020-2021 оқу жылының 2-семестріндегі аралас оқыту форматы туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Трансляция atu_media-ның YouTube арнасында өтті.

Бұл кездесу барысында көктемгі семестрдегі оқыту форматы түсіндіріліп, студенттер мен ата-аналардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Жиындардың жазбалары біздің YouTube арнада сақтаулы: YouTube
Студенттер онлайн кездесуді қайталап көрулеріне болады. Қосымша сұрақтар туындап жатса деканаттарға, кураторларға хабарласуға болады.
АТУ-дың Контакт орталығы: +7 (727) 221 88 08