• РУС
  • ҚАЗ
  • ENG

Бакалавриатқа түсу үшін абитуриенттің өтініші бойынша байқау өткізіледі. Ол үшін:

  • Мектеп түлектері, мектепті бұрын бітіргендер – Ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысын өткізеді;
  • Колледж түлектері — ТжКБ негізінде ҰБТ нәтижесі немесе ішкі емтихан қорытындысы;

Назар салыңыз! Жоғары оқуға түсудің шектік баллдары өсті

  • Педагогикалық  ғылым саласына тапсырушыларға – 75 балл;
  • Ұлттық ЖОО-ға – 65 балл;
  • Денсаулық сақтау саласына – 70 балл;
  • Ветеринарияға – 60 балл;
  • Басқа оқу бағдарламаларына – 50 балл.
  • ҰБТ-дан шектік балл жинай алмағандар оқу жылы аяқталғанша тіркеліп, ҰБТ тапсыра алады (қаңтар, наурыз, сәуір, маусым);
 

Мемлекеттік білім беру грант байқауына қатысу үшін және ақылы түрде оқуға мынадай құжаттар қажет:

  • Төлқұжат (көшірмесі және түпнұсқасы);
  • Аттестат қосымшасымен қоса (түпнұсқа);
  • 6 дана фото 3х4 және электронды түрде;
  • Денсаулық паспорты немесе екпе картасы 063;
  • Тіркеу куәлігі (жігіттерге ғана);
  • ҰБТ сертификаты.

Ескертпе: Шет тілінде тапсырылатын құжаттардың нотариалды түрде куәландырылған қазақша не орысша аудармасы болуы тиіс. Шетелдік ұйымдар берген білім туралы құжаттар заң бойынша бірінші семестр ішінде нострификация жасалуы тиіс.
Қабылдау комиссиясының маңызды күндері:

Күндер

Атауы

20 маусым – 25 шілде

құжат қабылдау

20 маусым – 7 шілде

шығармашылық емтихан тапсырушылардың өтінішін қабылдау мерзімі

8 – 13 шілде

шығармашылық емтиханды өткізу мерзімі

16 – 26 шілде

мемлекеттік грантқа қатысу байқауына өтініш қабылдау мерзімі

10 – 25 тамыз

құжат қабылдау мен оқуға тіркеу

13 шілде – 25 тамыз

өзге ЖОО-дан ауысу
 

2021-2022 оқу құны туралы біліңіз. – Сілтеме бойынша өту

 

Бакалавриат

Құжат қабылдау

1 маусым - 25 тамыз

Шығармашылық емтихандар күнтізбесі

Білім бағдарламаларының тізімі

Магистратура

КТ тіркелу

18 маусым - 15 шілде

КТ тапсыру

20 шілде - 10 тамыз

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі

Докторантура

Құжат қабылдау

3 шілде - 3 тамыз

Қабылдау емтихандары

4 - 20 тамыз

Докторантураның білім беру бағдарламалары

*НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ақпаратты тексеріп отырыңыз, ақпарат өзгеріп отыруы ықтимал!