Хабарландыру

«Тамақ, жеңіл өнеркәсіптері мен қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» атты халықаралық ғылыми конференция

2020 жылы қазанның 22-23 күндері  online режимде «Тамақ, жеңіл өнеркәсіптері мен қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.  

Конференцияға ғалымдар мен мамандар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, бейіндік бизнес құрылымдары мен Қазақстан республикасы, ТМД және алыс-жақын шет елдердің БАҚ өкілдері шақырылады.

Конференция бағыттары:

  • Экологиялық қауіпсіз тағам өнімдері өндірісіндегі шикізатты қайта өңдеудің инновациялық технологиялары;
  • Агроөнеркәсіп кешеніндегі биотехнология мен нанотехнологиялар;
  • Жаңа буын өнімдерін өндірудегі тоқыма өндірісінің шикізатты үнемдейтін, қауіпсіз технологиялар;
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жобалау әдістері және дизайн-концепциясы;
  • Тағам және жеңіл өнеркәсіп өндірістеріндегі технологиялық үдерістер мен құрал-жабдықтар;
  • Технологиялық үдерістерді инфокоммуникациялық басқару;
  • Туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесінің тұрақты дамуы;
  • Тағам, жеңіл өнеркәсіп өндірістерінің және қонақжайлылық индустриясының экономикалық өркендеуінің мәселелері;
  • Білім берудегі инновациялық технологиялар.


Конференцияға қатысу түрлері

– пленарлық баяндамамен қатысу;
– секциялық баяндамамен қатысу;
– баяндамасыз басылып шығу.

Конференция материалдары бойынша жинақ шығарылады. Жинаққа Халықаралық  ISBN индексі беріледі.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Баяндамаларды ұсыну:

Баяндамалар мен хабарламалар толық 3 беттен аспайтын (графикалық материалды қосқанда) көлемде, интерактивті формада ұсынылады. Баяндамаларды жіберу үшін конференцияның арнайы сайтына төмендегі сілтеме бойынша www.conference-atu.kz  online жүйесінде электронды тіркелу қажет.

Баяндама, толтырылған тіркеу формасына, жеке файл болып тіркеледі. Файлдың аты – бірінші автордың аты. Мәтінді теру шрифті Times New Roman, Times New Roman KK EK, Формат: MS Word 95/97/2000/XP,  кітаптық,   шрифт өлшемі – 14, сөйлемаралық интервал – біртекті, шеттері жан-жағынан – 20 мм.

Баяндама мәтіні келесі схема бойынша толтырылады: Құжаттың басында сол жақ жоғарғы бұрышында ӘОЖ индексі көрсетіледі, келесі жолдың ортасынан, баспа әріптерімен – баяндама аталуы, келесі жолда авторлар фамилиясы мен инициалы және ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, қаласы, мемлекеті, электронды адресі және келесі жолдан баяндама мәтіні жазылады. Баяндама соңында әдебиеттер тізімі беріледі. Мәтін түпнұсқа болып есептеледі және өзгертілмейді.

Баяндаманы ұсыну уақыты 2020 жылдың 11 қазанына  (қосымша) дейін. Ұйымдастыру комитеті баяндаманың рәсімделуі, орындалуы талапқа сай келмесе, конференция тақырыбымен сәйкес келмесе немесе 2020 жылдың  11-ші  қазанынан  кейін тапсырылса баяндаманы қайтаруға құқылы.

Баяндаманы жарияланымға  қабылдау туралы ұйымдастыру комитетінің хабарламасын алғаннан кейін, автор қатысу жарнасын төлегендігі туралы құжаттың сканерленген көшірмесін 2020 жылдың 22-шы қазан айына  дейін conference@atu.kz  электронды мекен-жайға ұсынуы қажет.

Баяндама конференцияның ғылыми еңбектер жинағында және www.atu.kz сайтында жарияланады.

Материалдардың ғылыми мазмұны мен жазылуына автор жауапты. Баяндаманың рәсімделуі, орындалуы  талаптарға сәйкес болмаса және конференция тақырыбымен сәйкес келмесе немесе белгіленген мерзімнен  кейін тапсырылса баяндама қарастырылмайды және қайтарылмайды.

Ұйымдастыру мәселелері

Конференцияға қатысу жарнасы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 3000 теңге, басқа мемлекет азаматтары үшін 30 АҚШ долларын құрайды. Докторанттар, аспиранттар мен магистранттар үшін қатысу жарнасы 2000 теңге және 20 АҚШ долларын құрайды.

Ұйымдастыру жарнасы аты-жөні және «Конференция-2020» белгіленуі көрсетілген, Алматы технологиялық университетінің банк шотына қабылданады.

Төлем реквизиттері: 

АҚ «Алматы технологиялық университеті»,
050012, Алматы қ., Төле би к., 100
АҚ «Банк Центр Кредит»,
БИН 990840000359,
БИК KCJBKZKX,
КБЕ 17. 

Есеп шоты:

Теңгемен есептесу үшін:
ИИК KZ 878560000000011134

Ресей рублімен есептесу үшін:
ИИК KZ978560000000396723

USD-мен есептесу үшін (доллар)
ИИК KZ978560000000517280

Конференцияның негізгі мерзімдері

Сайтта тіркелу және баяндама ұсыну – 2020 жылдың 11 қазанына  дейін;
Ұйымдастырушылық  жарнасын төлеу – 2020 жылдың 22  қазанына  дейін.

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы:

050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ,  Төле би көшесі, 100
Алматы технологиялық университеті
Бас оқу ғимараты, 6 қабат, 617каб. 
тел. +(727) 293-53-10 (ішкі 178,243), факс +(727)293-52-92,
E-mail: conference@atu.kz