Жаңалықтар

Құрметті студенттер, әріптестер, ата-аналар!

Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен және білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке біздің елімізде мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де өте маңызды. Сіздермен бірлескен жұмысымыздағы кезекті кезең, жаңа білім мен жаңа мүмкіндіктер уақыты.

Барлық конкурстық сынақтардан сәтті өткен және ресми түрде біздің университетіміздің бір бөлігіне айналған 1-курс студенттеріне қош келдіңіздер демекпіз. Шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Ұлттық рейтингте АТУ Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының бестігіне кіретінін, бас рейтингте Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындары арасында 2-орынды иеленгенін мақтанышпен атап өткім келеді, ал университеттің тағам және жеңіл өнеркәсіп, мейрамхана және мейманхана бизнесі бойынша негізгі бейінді мамандықтары жыл сайын Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының бас рейтингінде бірінші орынды иеленеді.

Біздің университет Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасында QS халықаралық рейтингінде ТОП-250 университеттің қатарына кіргенін қуана атап өткім келеді.

Бүгінгі таңда АТУ Швейцария туризм және мейманхана бизнесі институтымен, Еуропалық дизайн институтымен (Италия), Г.В. Плеханов атындағы Ресей Экономикалық университетімен бірлесіп қос дипломды білім беру бағдарламасын сәтті жүзеге асыруда.

Бүгінгі таңда университет жастар үшін білім әлеміне есігін айқара ашады. Сіздерге, бірінші курс студенттеріне, бай тарихы мен қалыптасқан дәстүрі бар елдің жетекші жоғары оқу орнының студенттері болу бақыты бұйырды. Қазір сіздердің жүректеріңізде қорқыныш пен толқу бары рас. Алайда студенттік кезеңнен асқан әдемі және қызықты уақыт жоқ. Сондықтан еңбексүйгіштік пен табандылық танытып, үйренуге, талпынуға ұмтылу керек. Дәл осы студенттік уақытта біз адал достарды, дана тәлімгерлерді табамыз, болашақта өмірде өз орнын табуға көмектесетін тәрбие мен білім аламыз. Алға қойылған мақсатқа жету жолында батыл болыңыз. Университетте оқыған жылдарыңыз жемісті болуы өз қолдарыңызда.

Бірақ биыл коронавирустың таралуы мен Дүниежүзілік пандемия біздің әдеттегі өмір салтымызды өзгертті. Бұл жағдайда әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігін ескере отырып, онлайн режимінде оқу жылының ашылу рәсімін өткіземіз.

Құрметті студенттер, Құрметті оқытушылар! Алдағы оқу жылында біз сіздермен бірге жаңа белестерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін!

Осы мереке күні барлық ұжым мен студенттерге шын жүректен денсаулық, кәсіби табыс, даналық пен шыдамдылық тілеймін. Осы оқу жылы табысты болсын!