Жаңалықтар

АТУ ректоры Құлажанов Талғат Құралбекұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайланды

Алматы технологиялық университетінің ұжымы Талғат Құралбекұлы Құлажановты Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайлануымен шын жүректен құттықтайды. Қай уақытта да ғылыми жетістіктер халықтың жоғары интеллектуалдық әлеуетінің көрсеткіші болды және қоғам мүдделері мен мұраттарына қызмет етті, елдің мақтанышы болды.

Сізге жаңа жобаларыңызға сәттілік, жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!