Хабарландыру

Бос лауазымдарына орналасуға конкурс

«Алматы технологиялық университеті» АҚ келесі кафедраларда профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

1) «Азық-түлік биотехнологиясы», кафедра меңгерушісі – 1 бірлік;
2) «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» «Тағам өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша оқытушы – (лектор) – 2 бірлік, сениор лектор – 1 бірлік, «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» БББ сәйкес, оқытушы – 1 бірлік;
3) «Өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру», оқытушы – 1 бірлік.

Профессор-оқытушылар құрамының біліктілігіне қойылатын талаптар:
Кафедра меңгерушісі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және (немесе) ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл.
Оқытушы: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылым магистрі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі тәжірибесі кемінде 3 жыл ассистент (оқытушы) немесе жоғары білім (маман), тәжірибесі 5 жылдан кем емес.

Ескерту: Ағылшын тілінде сабақ өткізу үшін ағылшын тілі білімі қажет (IELTS 5.0-тен төмен емес).

Профессор-оқытушылар құрамының біліктілік сипаттамалары https://atu.kz/?id=611&list=12 сайтында жазылған

Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні.

Сыртқы үміткерлер үшін қажетті құжаттар пакеті (сканерленген нұсқасы):
– Басшының атына өтініш;
– Қызметкердің жеке парағы;
– Өмірбаян;
– Жоғары білім туралы дипломның (қосымшасымен) нотариалды куәландырылған көшірмелері, ғылыми дәреже, ғылыми атағы туралы құжат;
– Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттар (бар болса);
– Ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
– Ашық сабақты өткізу сапасы туралы қорытынды (онлайн сабақ конкурсқа қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін өткізіледі);
– соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтамалар;
– Психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде тіркелмегендігі туралы анықтама;
– Жеке куәлік;
– Еңбек кітапшасы (немесе еңбек өтілін растайтын басқа құжат);
– Шет тілін білу деңгейін растайтын сертификаттар (бар болса).

Ескерту: Төтенше жағдай кезінде конкурсқа қатысу үшін құжаттар пакеті oup_atu@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Толық ақпаратты 2935298, 2935284 (ішкі 111.129) телефоны бойынша алуға болады.

«АТУ» АҚ қызметкерлері арасынан үміткерлер үшін қажетті құжаттар пакеті (сканерленген нұсқасы):
– Басшының атына өтініш;
– Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттар (бар болса);
– Ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
– Ашық сабақты өткізу сапасы туралы қорытынды (онлайн сабақ конкурсқа қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін өткізіледі).

Ескерту: Төтенше жағдай кезінде конкурсқа қатысу үшін құжаттар пакеті oup_atu@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Толық ақпаратты 293 52 98, 293 52 84 (ішкі 111, 129) телефоны бойынша алуға болады.