Хабарландыру

Оқуға түсушілерді онлайн тіркеу

2020 жылы талапкерлер өтінішті Қазақстан Республикасының «Электронды үкіметінің» https://egov.kz/ порталы арқылы   онлайн режимде береді.

Өтінішті беру үшін, ЭЦҚ (электронды-цифрлы қолтаңба) болу керек. ЭЦҚ алу жөніндегі нұсқаулықпен https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp «Электронды үкімет» порталынан танысуға болады.

Құжаттар мен білім беру бағдарламалары бойынша жоғарғы оқу орнына қабылдау туралы өтініштер https://egov.kz/cms/ru/services/university_degree/pass_pryem1 сілтемесі бойынша қабылданады. 

2020 жылғы 13 мен 30 шілде аралығында мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі конкурсқа қатысуға құжаттар https://egov.kz/cms/ru/services/university_degree/182pass_mon сілтемесі бойынша қабылданады. 

Сондай-ақ 2020 жылғы 15 маусым мен 19 шілде аралығында магистратураға түсу үшін кешенді тестке қатысуға өтініш қабылданады.

МАГИСТРАТУРАНЫҢ КЕШЕНДІ ТЕСТІНЕ ӨТІНІШ БЕРУ ҮШІН,  https://pvo-zayav.testcenter.kz/login сайтына кіріп, тіркелу керек (тіркелу жайлы нұсқаулыққа жүгініңіз).  

Тіркелген соң, магистратураға түсу мәселесіне қатысты мына телефондар бойынша техникалық хатшыларға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 700 626 26 00 – Жадыра Сламбекқызы, +7 708 717 25 62 – Арайлым Жүнісқызы.

Талапкерлердің жекелеген категориялары, соның ішінде, қашықтықтан оқыту факультетіне  түсетіндер үшін, тіркеу https://univer.atu.kz/abiturient_user/login/ сілтемесі бойынша тікелу керек (тіркелу жайлы нұсқаулыққа жүгініңіз).

Сіздерге ыңғайлы болу үшін Zoom платформасында АТУ-дың виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейді.

Күн сайын 8.30-дан 17.30-ға дейін (үзіліс 12.30-ден 13.30-ға дейін) Қабылдау комиссиясының қызметкерлері оқуға түсу мәселесі бойынша хабарласқандардың барлығының сұрақтарына жауап береді.

«АТУ-дың виртуалды қабылдау комиссиясы» конференциясының тізімімен мына жерде таныса аласыздар.