Жаңалықтар

Алматы технологиялық университетінде «Nur Otan» съезінің мәселелері талқыланды

Алматы технологиялық университетінде оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуымен «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік бастамаларын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – 27 ақпан күні Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы съезінің мәселелерін түсіндіру және талқылау. Кездесуге Алмалы ауданы «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Альбисенов, Алмалы ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының кеңесшісі Салтанат Ахмеджанова шақырылды.