Жаңалықтар

«Мемлекеттік білім гранты және ауылдық квота»

5 сәуір 2019  «Қаржы орталығы» АҚ менеджері Ақзира Серікқали 5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығының 4 курс студенттерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты-мемлекеттік білім гранты мен ауылдық квота бойынша білім алған бітіруші – студенттердің жұмыс істеуі туралы міндеттерді түсіндіру.

Кездесу барысында студенттер ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысы бойынша сұрақтар қойды. Атап айтқанда, олар ЖОО-ның түлектері қандай жағдайларда жұмыспен айналысудан босатылғаны туралы нақты ақпаратты білді. Кездесу соңында Ақзира Серікқали түлектерді «Білім туралы» ҚР Заңындағы жаңа өзгерістермен таныстырды. Кездесу қызықты және пайдалы болды!