Жаңалықтар

АТУ-ның жұмыс берушілермен өзара әрекеттесуі – біздің түлектеріміздің сәтті кәсіби және әлеуметтік бейімделуінің кепілі!

2019 жылдың 4 мамырында Алматы технологиялық университетінде Efes Kazakhstan командасының 5B072800 – Өңдеу өндірісінің технологиясы (ашыту технологиясымен айналысатын) мамандығының 2-ші және 3-ші курс студенттерімен қызықты және танымдық кездесуі өтті. Efes Kazakhstan өкілдері арасында АТУ түлегі Мадина Расулова да болды.

Efes Kazakhstan компаниясының таланттарды басқару бойынша менеджері Светлана Качуровская студенттерге компания туралы айтып берді және кәсіби өсуді, өз кәсібін дамытуды және нақты өндіріс процесінде білім алуға тілек білдірушілерге «Болашақтың кілті» машықтану бағдарламасын ұсынды. Студенттерге «Болашақтың кілті» машықтану бағдарламасы Efes Қазақстан мен Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасындағы тұрақты байланыс пен ынтымақтастық мақсатында жасалды.

Студенттер Компанияға үлкен қызығушылық танытты, сұрақтарға жауап берді және лайықты сыйлықтарға ие болды. Содан кейін таңдалған мамандықтың негізін білу үшін тестілеуден өтті. Тест нәтижелері бойынша 5 үздік студент Efes-те тағылымдамадан өтуге шақыру алды. Әрине, жұмыс берушілермен байланыс біздің студенттерге кәсіби қауымдастықтың алғашқы қадамы ретінде пайдалы.

АТУ Efes Қазақстан қызметкерлерінің біздің студенттерге деген шынайы қызығушылығы үшін алғыс білдіреді:

• Светлана Качуровская – талант менеджері;
• Надежда Козиян – таланттарды басқару бөлімінің бастығы;
• Диару Өтебай – дарындылықты басқару жөніндегі маман;
• Артур Сүлейменов – HR бизнес серіктесі;
• Сыдықов Жадыр – химик-инженер;
• Расулова Мадина – өндірістік кафедраның шебері – АТУ түлегі.