Хабарландыру

АТУ – ң үздік цифрлық білім беру ресурстарына және жаппай ашық онлайн курстарына конкурс!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2020 жылғы ең үздік цифрлық білім беру ресурсы және жаппай ашық онлайн курсы конкурсына қатысуға шақырамыз!

Конкурс ректордың 20.04.2020 ж. № 61-АХЗ «АТУ-ң үздік цифрлық білім беру ресурсы және жаппай ашық онлайн курсы конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Байқауға қатысу үшін АТУ-ң штаттық оқытушылары немесе штаттық оқытушылары басқаратын педагогикалық ұжымдар шақырылады. Оқытушылар ұжымы мүшелерінің саны (ұжым жетекшісін қосқанда) 3 адамнан аспауы тиіс. Автор тек бір өтінімде көрсетілуі мүмкін.

Конкурсқа қатысу үшін міндетті шарттар:

– Цифрлық білім беру ресурсы moodle.atu.kz платформасында және жаппай ашық онлайн курс open.atu.kz платформасында орналастырылуы тиіс.
– Цифрлық білім беру ресурсы ( ЦББР) және жаппай ашық онлайн курсы (ЖАОК) кафедрада алдын ала сараптамадан өтуі тиіс. Ұсынылған ЦББР, ЖАОК дәлелді шешімі бар кафедра хаттамасының көшірмесі қоса беріледі. Кафедрадан кемінде үш іріктелген ЦББР, ЖАОК ұсыну қажет.
– Факультеттің шешімі бойынша кемінде екі ЦБРР, ЖАОК таңдалуы тиіс. Ұсынылған ЦББР, ЖАОК дәлелді шешімі бар факультет отырысының хаттамасынан үзінді қоса беріледі.

* ЦБР, МООК оқу процесіне енгізілуі тиіс; курсқа жазылған студенттер (тыңдаушылар) саны – 3 адамнан кем болмауы тиіс.

Конкурстық комиссияның өткізу кезінде инновациялық білім беру технологиялары орталығы ағымдағы жылдың ұсынылатын іріктеу кезеңінің түскен өтінімдері бойынша конкурстық материалдарды бағалау критерийлер әзірленді.

Конкурстық материалдарды бағалау критерийлері:

1. Авторлық контенттің болуы.
2. Оқу материалдарын пайдалану ыңғайлылығы: курс бойынша навигацияның ашықтығы, курс элементтерін оларды пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдармен сүйемелдеу, курстың жеке элементтеріне жүгіну мақсаттылығы.
3. Оқытушы мен студенттердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру: есептік кезең ішінде курсқа жазылған қолданушылармен ұсынылған тапсырмаларды орындау, курс оқытушысының студенттердің жұмыс нәтижелерін бағалауы, форумдар мен басқа да кері байланыс элементтерін белсенді сүйемелдеу. Бағалау ведомосін пайдалану және балды-рейтингтік жүйені ЦББР, ЖАОК құралдарымен жүзеге асыру.
4. Материалдарды эстетикалық ресімдеу, ЦББР, ЖАОК ресімдеуде қателердің болмауы.

* Бонустық ұпайларды конкурс комиссиясы жаңашылдығы және ЦББР, ЖАОК элементтерін ерекше пайдаланғаны үшін, сондай-ақ қашықтықтан оқытудың белгілі бір нысандары мен әдістерін іске асырғаны үшін («төңкерілген сынып», жобалық әдіс, вебинарлар және т.б.) береді.

Байқау барысы және оның қорытындысы университет сайтында және жаңалықтар https://atu.kz таспасында жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім берушілер конкурстық комиссияға мынадай құжатталған ақпаратты ұсынады:

1. Дәлелді шешімі бар кафедра, факультет отырысының хаттамасынан үзінді.

Өтініш берушілер жалған ақпарат беру фактілері анықталған жағдайда конкурсқа қатысудан шеттетілуі мүмкін. Конкурста бұрын жүлделі орындарға ие болған ЖАОК қарастырылмайды.

Конкурсты өткізу мерзімі:

1. кезең: өтінімдерді қабылдау – 2020 жылғы 20-22 сәуір аралығында;
2. кезең: конкурстық комиссияның жұмысы – 2020 жылғы 23-24 сәуір аралығында;
3. кезең: қорытынды шығару – 2020 жылғы 27-28 сәуір аралығында.

Барлық қатысушылар қатысушы дипломын алады. Конкурс жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық ашық білім беру платформасында ЖАОК орналастыру мүмкіндігіне ие болады.

Өтінімдерді ресімдеуге байланысты барлық сұрақтар бойынша электрондық оқыту бөліміне хабарласуына болады. электрондық пошта: mook@atu.kz.