Хабарландыру

Дәстүрлі IV пәндік олимпиаданың II кезеңі

Алматы технологиялық университеті ұйымдастырған мектеп оқушыларына арналған дәстүрлі IV пәндік олимпиаданың II кезеңі 2020 жылдың 26-наурызда Алматы технологиялық университетінде өтеді.

Пәндік олимпиаданың іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар қорытынды кезеңге қатысуға жіберіледі. Интернет ресурста бірінші (іріктеу) кезеңнен өткен пәндік олимпиада қатысушыларының тізімдері жарияланған.

Пәндік олимпиаданың II кезең қатысушыларында өзімен бірге жеке куәлігі мен  мектептен анықтама қағазы болуы қажет. Пәндік олимпиаданың II кезең қатысушылары мен жетекшілерінің жол жүруі, тамақ, жатын орын шығындарын жіберуші тарап көтереді.

Пәндік олимпиаданың тіркелу және өту уақыты:
Тіркелу: 8.00-ден – 9.00-ге дейін;
Олимпиаданың өтуі: 9.00 – 12.00-ге дейін;
Пәндік олимпиадаға тіркелу және өту орны төмендегі мекен-жай бойынша жүргізіледі:

Ағылшын, география пәндері бойынша: Төле би көшесі 100, АТУ (бас оқу ғимараты),
Химия, биология, физика, математика пәндері бойынша:

№1 оқу ғимараты, Райымбек 348/4 (Сайран автобекеті аймағы).

Орта мектеп түлектері арасында өткен  IV  Республикалық пәндік олимпиаданың II турына өткен финалистердің тізімі:

Olimp. 2020 – 50.xls