Жаңалықтар

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы не білеміз?

Студенттің академиялық ұтқырлығы – білім алушының белгілі бір академиялық кезеңге (бір семестрге немесе оқу жылына) оқуды өз ЖОО-да оқитын білім беру бағдарламаларын міндетті түрде басқа жоғары оқу орнында жалғастыру.

Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық болып ажыратылады. Сыртқы академиялық ұтқырлық – бұл студенттердің шетелдік жоғары оқу орындарында, ал ішкі академиялық ұтқырлық – білім алушылардың Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы.

Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты – халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қандай артықшылықтары бар? Бұл бағдарлама шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында студенттердің оқуына және ғылыми іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ұтқырлық бағдарламаларына қатысу студенттерге мынадай бірқатар мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді:

  • ғылыми және білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алуға;
  • кәсіби білім мен іс-тәжірибелік дағдыларды кеңейту;
  • тіл үйрену арқылы пайдалы тілдік тәжірибеден өту;

Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша жыл сайын қаншама студентіміз шетелдік және отандық жоғары оқу орындарында білім ал уда.

«Тағам өнімдерінің технологиясы»

кафедрасының ассоциирленген профессоры,

т.ғ.к., доцент, Сыздыкова Л.С.