Жаңалықтар

QS рейтингі жарияланды!

2021 жылдың 15 желтоқсан күні «QS Emerging Europe&Central Asia (EECA) University Rankings 2022» рейтингі бойынша нәтижелер жарияланды. Бұл рейтинг бойынша Алматы технологиялық университеті топ 200 үздік университеттер арасынан 194 орынды иемденіп, бұрынғысынан бірнеше саты жоғарылады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында бұл тамаша тарту болды!

QS EECA – жыл сайынғы Quacquarelli Symonds (QS) компаниясы саралайтын университеттер рейтингі.

QS рейтингі университеттер арасындағы ең беделді үш рейтингтің бірі. Бұл рейтингтің мақсаты – абитуриенттерге үздік университет таңдауға ықпал ету және студенттерге ғылыми әлеуетін қолдануға жаңа мүмкіндіктер ашу.

АТУ-дың ұжымы мен студенттерін өңірлік рейтингтегі табысымен құттықтаймыз!