Хабарландыру

ҚҰРМЕТТІ АТУ БАКАЛАВРИАТЫ МЕН МАГИСТРАТУРАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ТЭК ТҮЛЕКТЕРІ!

СІЗДЕРДІ ҮШІНШІ ФОРУМҒА ЖӘНЕ «ӨЗ ЖОЛЫҢДЫ ТАҢДА!» ТҮЛЕКТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: АТУ ОӘБ-ң Мансап орталығы

ӨТКІЗУ КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ: 19 сәуір 2019 жылы, Форум с. 10-00 (АТУ Бас оқу ғимараты үлкен акт залы)
Түлектер жәрмеңкесі с. 11-30 (АТУ Бас оқу ғимараты алаңы)

ӨТКІЗУ ОРНЫ: №1 БАС ОҚУ ҒИМАРАТЫ, (Алматы қаласы, Төле би көшесі, 100)

Біздің университеттің қабырғасында өмірге жолдама алған, дипломды мамандардың қоғамдастықтарын нығайту мақсатында өткізілетін форум. Жыл сайын өтетін АТУ түлектерінің Жәрмеңкесі – университет пен жұмыс беруші арасындағы ынтымақтастықтың тиімді түрінің бірі. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыс берушімен бітіруші түлектер арасында сұхбат-кездесу жүргізу арқылы, болашақ мамандарға таңдау мүмкіндігін беру және жұмыспен қамту.

Барлық сұрақтар бойынша ОӘБ-ң Мансап орталығына хабарласуға болады:
тел. 293 52 88 (ішкі. 250), Бас оқу ғимараты №1, каб.1113; r.mendiyarova@atu.kz