Жаңалықтар

«Алаш қайраткерлерінің тәуелсіздікке қосқан үлесі»

24 қараша 2021 жылы “Қазақстан халқы Ассамблеясы”, АТУ-дың Ғылыми кітапханасы және “Мемлекеттік және шет тілдері” кафедраларының ұйымдастыруымен конференц-залда осы тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – Алаш зиялыларының мұрасын жастарымызға насихаттау ету. Модератор Қодар Зәмзә Мүтәшқызы – “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., РAE корреспондент мүшесі.

Алғашқы сәттен «Алаш зиялылары» туралы кіріспе видео-ролик көрсетілді. Онда «Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болғаны» жөнінде бейне ролик көрсетілді.

Дөңгелек үстелдің спикерлері:

Берлибаев Бақдаулет Турбекұлы – АУЭС тарихи әлеуметтік пәндер білім беру кафедрасының профессоры, т.ғ.д; Тақырыбы: «Алаш қайраткерлері – Қошке Кемеңгерұлының тарихи білімді дамыту қызметі».  

Имаханбет Райхан Сахыбекқызы – Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі «Тіл – құрал» ОӘҒЗО директоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к; Тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі және тәуелсіздік».

Абдрахманова Қарлыға Жортуылқызы – лектор. «Мемлекеттік  және шетел тілдері» кафедрасы; Тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынұлы – лингвист, ұстаз».

Байбулсинова Альфия Сабырғалиқызы – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР тарихы кафедрасының меңгерушісі; Тақырыбы: «Алаш қайраткері, дәрігер Дәулетшах Кусепқалиев».

Турганова Аидам – ВТиПО2021, 2 курс студенті; Тақырыбы: «Алихан Бокейханов. Жизнь и смерть лидера Алаш-Орды».

Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы – Ахмет Байтұрсынұлы МУЗЕЙ-ҮЙІ-нің қоғамдық еріктісі; Өз өлеңдерін оқыды.

Спикерлер Алаш аманаты туралы өз ойларын ортаға салды.

Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды. Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы – қазақ елінің өзін-өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылы пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге ұшырап, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Спандияров, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты. Алайда тоталитарлық билік оларды Алаш қозғалысы ізбасарлары ретінде жаппай жазалады.

Біз бабаларымыздың күресімен өсетін бойымызға сіңіруде, олардың бүгінгі күнімізбен тікелей сабақтас құндылық екендігін әрқашан сезінуіміз қажет. Осы тамырластық дегдар сезім бүгінгі қазақтың азаттығына, ел болуына, басқа да мемлекеттік атрибуттармен, істермен бірге ана тілінің мерейін асыратын, отаршылдық қалдықтармен күресетін баянды шаруаларға жұмылдыру шарт һәм міндетті. Бағзы бабалардан да, абыз Абайдың да, Алаш зиялыларының да аманаты осы.

Басшылыққа, барлық факультет декандарының орынбасарларына осы іс-шараға қолдау білдіргені үшін алғыс айтамыз. Бұл кезедсу АТУ YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Тікелей эфир: https://youtu.be/zrO4kWTj4Rg