Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҚ АРҚЫЛЫ ТАНЫМАЛДЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

14-15 қазанда Каунаста (Литва Республикасы) «Enhancing Visibility through International Cooperation: Mobility, Recognition, Branding» (Халықаралық ынтымақтастық арқылы көрнекілікті арттыру: ұтқырлық, танымалдылық, брендинг) халықаралық QS саммиті өтеді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұсынған бастаманы беделді халықаралық QS рейтингтік агенттігі (Ұлыбритания) және Литваның жетекші университеттерінің бірі – Витутас Магнус университеті қолдады.

Іс-шараға Қазақстан, Ресей, АҚШ, Литва, Латвия, Ұлыбритания, Жапония, Корея, Түркия, Әзірбайжан, Эстония, Эфиопия, Польша, Украина, Өзбекстан сияқты елдердің академиялық қоғамдастықтарының жетекшілері қатысады.

Саммитке Алматы технологиялық университетінің атынан АТУ-дың бірінші проректоры, профессор Бауыржан Нұрахметов қатысады.

Жаһандық саммит жоғары оқу орындарын әлемдік білім беру кеңістігінде алға жылжытуға, әлемдік жоғары білім қоғамдастығындағы университеттердің беделін арттырудағы заманауи бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне арналған.

Іс-шара соңында QS EECA University Rankings 2019 – University Rankings 2019 QS Дамушы Еуропа және Орталық Азия рейтингінің нәтижелері жарияланады.