Жаңалықтар

«Жас Өркен – 2019»

«Жас Өркен – 2019» жас дизайнерлердің халықаралық байқауы сән әлемінде жаңа есімдерді ашты

2019 жылдың 16 мамырыда Алматы технологиялық университетінде «Жас өркен – 2019» Халықаралық жас дизайнерлер конкурсы өтті. Бұл байқаудың ерекшелігі – оқу орныныңкиім дизанйы мамандығында оқитын студенттер тек ақшалай сыйлық ұтып алып қоймай, сонымен қатар сән әлеміндегі танымал мамандарға өз таланттарын көрсете алады.
Жұмысберушілердің қатарында Қазақстан, Орталық Азия, Ресей, Италия мен Қытайдан келген мамандар бар. Сонымен қатар тренд пен дизайнға қатысты форумдарға қатысуға мүмкіндік береді.

Биыл қазылар қатарында Қазақстанның танымал дизанйері Аида Кауменова, бьюти-фешн блогер Оксана Ким, Сахна режиссері, Kazakhstan Fashion Week (KFW) негізін қалаушы Ботагөз Алдоңғарова, Ресейден технологиялық ғылымдардың докторы Наталья Мокеева, Альдо Галли өнер институтының директоры Давид Алесина болды. KFW қазақстандық сән көрмесінде дизайнерлердің республикалық байқауының прототипі бола отырып, бұл жоба жалғыз өзі, оның қатысушылары мен ұйымдастырушылары студенттердің өздері болып табылады.

Байқауға 36 жас дизайнер қатысады. Байқаудың басты миссиясы – студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, дизайнерлер үшін кәсіби орта қалыптастыру, әлемдік сән индустриясы үшін халықаралық ынтымақтастық аймағын құру. Шоудың нәтижесі бойынша бірінші орынды Ресейден келген қатысушы Ирина Михайлова «Сіздің жасушаларыңызда» жинағымен алды. Қазылар алқасы Алматы технологиялық университетінің студенті Жанат Абулқасымованың AQRA топтамасының бейнелерін жасау туралы шығармашылық шешім қабылдады. Ол екінші орынға ие болды. Тек қиялдың жарылысы мен ерекше көріністі Ресейден келген Ольга Ким «Imagine» (үшінші орын) топтамасын ұсынды.

Гран-при мен 200 мың теңге жүлдесін Алматы технологиялық университетінің студенті Айгерім Оспан күзгі коллекциясымен жеңіп алды.