Жаңалықтар

«Service Lab» оқыту орталығы ашылды

Бүгін экономика және бизнес кафедрасында мейрамхана және қонақ үй бизнесі бойынша «Service Lab»  оқыту орталығының ашылу рәсімі өтті.

Оқу орталығында Қазақстан мен шет елдердің қонақжайлылық индустриясы жетекші кәсіпорындарының мамандары студенттерге мейрамхана және қонақ үй бизнесі бойынша шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізетін болады

Студенттердің тәжірибе мен дағдысын жетілдіруі олардың келешектегі мансаптарында маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз. Сондай-ақ, мұндай мүмкіндіктер түлектердің отандық және шетелдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.