Жаңалықтар

АТУ-лықтар, отбасымызға қош келдіңдер!

Алматы технологиялық университетінде 2019-2020 оқу жылы қарсаңындағы Білім күнінде бірінші курс студенттерін құттықтау салатанатты шарасы өтті.

Білім күні – бұл ерекше, жарқын мереке. Бұл әрдайым студенттер мен оқытушылар үшін қуаныш күні. Оқу жылының басталуымен бірге өмірдің жаңа тарауы басталады, яғни қиын да, қызықты білім әлеміне жол ашылады.

Бұл күні АТУ бірінші курс студенттеріне қонақжайлылықпен есігін айқара ашты, үлкен отбасының мүшесі етті. Алматы технологиялық университетінің бас оқу ғимаратының әдемі безендірілген кіреберісте студенттерді менеджмент өкілдері, оқытушылар және жоғарғы курс студенттері жылы қабылдап алды.

Қазақстан Республикасының Туы мен Мемлекеттік Әнұраны салтанатты түрде шығарылған соң, АТУ-дың бірінші проректоры Б.К. Нұрахметовке құттықтау сөз берілді. Проректор өз сөзінде қонақтарды, студенттер мен оқытушыларды Білім күнімен құттықтады, барлығына жемісті жұмыс тіледі.

«Сендерді қызықты, ерекше студенттік өмір күтіп тұр. Бұл сәтті және беделді мансап жолындағы маңызды кезең болмақ. Сондықтан, АТУ беретін барлық мүмкіндіктерді пайдаланыңдар, жетістікке жетіңдер!».

Қатысушылардың барлығын әр түрлі шығармашылық үйірмелердің белсенді студенттері би және музыка нөмірлерімен қарсы алды. Сонымен қатар, бұл іс-шараны дәстүрлі «шашу» шашылып, студенттердің ата-аналары мен бірінші курс студенттерінің құттықтау сөздері толықтырды.

Мереке соңында студенттер декандармен бірге аудиторияларға өтіп, университеттегі алғашқы күн сынып сағаттарынан басталды.

Осы орайда, университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Батколдин К.С құттықтау сөз сөйлеп, онда студенттердің жаңа буынын оқу жылының басталуымен құттықтады, студенттерге сәттілік тіледі, университет қабырғасында өз-өзін ұстау мен студенттік кодекст жайында айта кетті.

АТУ өзінің жаңа мүшелерін үлкен қуанышпен қарсы алды. Барлық студенттер мен оқытушыларға жемісті еңбек пен өзара құрмет тілейміз.

Студенттерге қажырлы еңбек, сенімділік және жаңа биіктерді бағындыру жолында табандылық, ал мұғалімдерге шыдамдылық, даналық және шығармашылық рух тілейміз!