Хабарландыру

ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Семестр шетелде»  конкурсын хабарлаймыз

«Алматы технологиялық университеті» АҚ ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 22 шілдедегі №358 «Шетелде академиялық оралымдылық шеңберінде оқу үшін орын санын бөлу жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «АТУ» АҚ еуропалық серіктес-университеттер базасында 2021 – 2022 оқу жылының бірінші семестрі ішінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелде оқу үшін 6 (алты) бос орын конкурсына қатысуға өтініштер қабылданатынын хабарлаймыз.

Бағдарлама есебінен авиаұшулар, баспана, медициналық сақтандыру және визалық қолдау шығыстары өтеледі.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

– алдыңғы академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша GPA үлгерімі 3.50 балл және одан жоғары;
– IELTS 5.0 жоғары, TOEFL 35-44 және одан жоғары деңгейде шет тілін еркін меңгеру.

Байқауға қатыса алады:

– 2-ші және 3-ші курс бакалаврлары (4 жылдық оқу).

Өтінімдер Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық басқармасында (703 кабинет) 2021 жылдың 20 тамызына дейін қабылданады.

Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (нотариалды куәландырылған түрлі-түсті көшірмесі);
2) №082/у нысаны бойынша Медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
3) ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт;
4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат;
5) ата-аналарының жазбаша келісімі;
6) грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері;
7) №1, 2, 3 үлгілер бойынша толтырылған қосымшалар;
8) төмендегі тұлғалар санаттарына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы:
– жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №6697 болып тіркелген) шетелге шығатындар үшін №082/у үлгісі бойынша медициналық анықтама қорытындысына сәйкес шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімі жоқ бала кезінен мүгедек және мүгедек балалар;
– көп балалы отбасынан шыққан балалар.

Коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 16.06.2021 ж. №21-05/05-2814 хаттамасына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының деректеріне сәйкес шектеу шаралары бар елдерді қоспағанда, ЖОО студенттерінің академиялық ұтқырлық және басқа да бағдарламалар шеңберінде білім алу үшін шетелге шығуына рұқсат беру туралы шешім қабылданғанын қосымша хабарлаймыз.

«АТУ» АҚ Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық басқармасы