Хабарландыру

International Education fair – 2019 жыл сайынғы білім беру көрмесі

Іс-шара туралы толық мәлімет

International Education fair – 2019 жыл сайынғы білім беру көрмесінің уақыты келді! Аз ғана уақыттан кейін сіз әлемнің түкпір-түкпіріндегі оқу орындарындағы оқу мен гранттар жайлы біле аласыз! Көрмеде сіз әлемнің 60 елінен келген 300-ден астам шетелдік оқу орындарының ұсыныстарымен танысасыз. Шетелдік жетекші университеттер (АҚШ, Ұлыбритания, континенталды Еуропа, Азия және ТМД елдері), тілдік мектептер, білім беру агенттіктері және халықаралық стипендиялық бағдарламалардың өкілдері, сонымен қатар мектеп оқушылары, студенттер, ата-аналар және шетелде оқуға / тағылымдамадан өтуге қызығушылық танытатын басқа адамдар қатысады.

Өкілдермен кездесіп, оқуға қабылдаужайлы ақпаратпен танысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Сіздерді 11-13 қазан аралығында Алматыда күтеміз (Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы)
Уақыты: 10.00-18.00
bolashaqfund.kz, 8 (7172) 25-18-25

Кіруі тегін!

УАҚЫТ
(Сәрсенбі) 07:02 – 07:02