Жаңалықтар

АТУ-дың «Дауыстап ойлау» шығармашылық жобасы

АТУ-дың «Дауыстап ойлау» шығармашылық жобасы – жас суретшілер мен дизайнерлердің өз шығармашылығын көрсетуі. Сонымен қатар дизайн пәні бойынша жоғары білікті оқытушылардан тәжірибе алатын жаңа жоба. Жобаның әр қатысушысы шығармашылық ауанға еріп, ерекше дүние тудыруына мүмкіндік бар. Бұл жобаның кураторлары өз ісінің нағыз мамандары, АТУ университетінің оқытушылары – А.Е.Татаева мен А.М.Алданаева.

Жоба Aport mall сауда-ойын орталығының Art студиясының қолдауымен 22 мамырда сағат 14:00-де өтеді.

Осы жоба заманауи өнерде жаңа есімдер ашады деп сенеміз. Көрмеге «Сән дизайны» және «Графикалық дизайн» мамандықтарының студенттері мен АТУ оқытушыларының 50-ден астам жұмыстары қойылған.

Қазір жас буынның шығармашылығы уақыт талабына сай мәдени мұраны сақтай отырып, аға буынның орнын басуға дайын.