Жаңалықтар

ОӘБ-ЖБТ жиыны

Бүгін онлайн режимде ZOOM платформасында «Алматы технологиялық университеті» АҚ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағытындағы оқу-әдістемелік бірлестік-жобалық басқару тобының отырысы өтті.

Жиналыста 2020-2021 оқу жылындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру топтары бойынша ОӘК қызметі және 2021-2022 оқу жылына арналған ОӘК жұмыс жоспарын талқылап, ОӘБ-ЖБТ жобаларын іске асыру барысы туралы тақырыптарды ортаға салды.

Іс-шараға АТУ-дың бірінші проректоры Б.Қ.Нұрахметов, факультет декандары, топтар мен жобалардың жетекшілері, басқа жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.