Жаңалықтар

Киім ательесін қалай ашады?  

Бүгінгі қонақ лекцияны «Береке» оқыту орталығының директоры – Бибігүл Набиева оқыды.

Лекция негізінен Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлігіне қатысты өтті. Лектор егер осы салаларды дамытса, ел экономикасына қомақты салық түсіп тұратындығын тілге тиек етті. Бұл жалпы алғанда жеңіл өнеркәсіп саласының дамуына түрткі болатындығы айтылды. Бүгінгі басты тақырып – тігін ательесін ашудың қыр-сырына арналды.

Бірінші мәселе – маркетингке арналды. Тігін ісінің маркетингі өзінше бөлек сала. Бибігүл Ағабекқызы тігін ісінің маркетингіне жалпы тоқталып өтті. Шикізатты сатып алу, кадр мәселесі сынды мәселелерді атап айтты. Соған қарамастан тігін ісіндегі басты дүние – ассортимент екенін нақтылады.

Екінші мәселе – тауардың сапасына қатысты болды. Сапа – әр тігіншінің визиткасы. Жалпы алғанда сапа әр бизнестің тұғыры. Маңызды рөл ойнайды. Үшінші мәселе – тігін ісінің басты құралдарына арналды.

Сөз соңына таман лекторымыз тігін ісін ашудың маңыздылығына тоқталды. Неден бастап, немен аяқтау қажетін атап көрсетті. Лекцияның соңына таман студенттер өз сұрақтарын қойып, лектор нақты жауап берді.