Жаңалықтар

ҚР жеңіл өнеркәсіптің қазіргі ахуалы

Бүгін АТУ-да қонақта ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығының президенті Худова Любовь Николаевна болды.

Ол ең біріншіден қауымдастық туралы баяндап, оның міндеті мен миссиясын айқындап берді. Қауымдастық 199 жылы 26 қазанда құрылған. Оның басты миссиясы ҚР жеңіл өнеркәсіп өндіріс орындарына қолайлы экономикалық шарт туғызу. Қауымдастық құрамында 123 компания бар. Қауымдастыққа 9 текстиль, 78 тігін, 1 баскиім тугетін, 8 тігін-тоқыма, 16 былғары-тон тігетін, аяқкиім тігетін өндірістер біріккен. Қазіргі таңда қауымдастық Халықаралық IAF киім федерациясының мүшесі, Ресей Fashion-индустрия қауымдастығының мүшесі екен.

Қауымдастықтың бастамасымен жеңіл өнеркісіп саласы ҚР экономикасының приоритетті саласына айналды. Соның арқасында осы салаға мемлекеттік қолдау күшейтілді. Қонағымыздың айтуынша, Қазақстанда шикізат жетерлік, тек өнім өндіру саласы ақсап тұр. Себебі, импорт тауар тұтыну белең алуда. Бұның бәрінің негізгі себебі, экономикалық тұрғыдағы теңсіздіктен екен. Жеңіл өнеркәсіптің артықшылықтары мен кемшіліктерін тізіп айтты.

Қазіргі таңда бұл саладан жұмыс табуға болатынын тілге тиек етті. Бірақ тапқан жұмысты игеріп әкету, оны кәсіпке айналдыру әр адамның өзіне, ниетіне, ынтасына байланысты болмақ. Себебі, көп жұмыста зейнеттегі адамдар жүр, оларды алмастыратын жас буын жоқтың қасы дегенді де айта кетті.

Сөз соңында Любовь Худова студенттерге сәттілік тілеп, армандарынан адаспауын тіледі!