Жаңалықтар

START-UP ATU-2021

Бүгін START-UP ATU-2021 онлайн режимде өтті. Стартапқа сәтті идея табу – оңай шаруа емес. Себебі, жоба қоғамға пайда келтіретін, сұранысқа ие болатын, оның үстіне иесіне табыс әкелуі тиіс. Ескеретін маңызды жайт – стартапты ынтымақтастармен бірге ойластырған жөн бе, әлде белгілі бір саланың кәсіби білікті мамандарының кеңесіне жүгінген абзал ма? Яғни, қайткенде де бизнес-жоспар құру қажет. Стартапқа ерекше мән беріп, талдау жасап, кәсіби тұрғыда саралау қажет. Оның үстіне адамның өзінің де күш-жігері рөл ойнайды. Қатысушылар өз жобаларын таныстырып шықты. Түрлі тақырыптағы жобалар ұсынылды. Басы робототехникамен басталып, ақыры түрлі бетпердемен тәмамдалды. Конференция қатысушылар өздеріне қызықты сұрақтарды қойып, қажетті кеңестерге құлақ түрді.

Қатысушылар: Нұржан Жұмахан өз командасымен, Елдос Өмірақын – “Музыкалық аспаптарды онлайн”, Елемес Сымбат – “Шифрланған цифрлық деректермен оптикалық байланыс арнасын әзірлеу”, Валентина – “Fast Food Local”, Құлымбетова Әйгерім – “Создание службы питания по адресной доставке Health foods”, Оразова Әйгерім – “Өсімдік шикізатынан жасалған тағамдық талшықтарды пайдалана отырып, кондитерлік өнімдерді әзірлеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету”, Асанова Альбина – “Изготовление защитных масок из лубяных волокон”, Тастанқұл Руза – “Студенческий бизнес-инкубатор факультета дизайна, технологий текстиля и одежды”.

Ғылым мен инновация проректоры Әлиев Баходир Азимджонович қатысушыларды бүгінгі Ғылым қызметкері мерекесімен құттықтап, стартап байқаудың қорытындысы 21 сәуір күні өткізілетін конференцияда жарияланатынын ескертті.