Хабарландыру

Құрметті АТУ-дың түлегі!

«Алматы технологиялық университеті» АҚ өзінің түлектерін мақтан етеді. Біз сізбен серіктес болғанымызды бағалаймыз және серіктестігіміздің жемісті болуына зор сенім білдіреміз. Университетіміздің келешегі үшін сіздермен ынтымақтастықты дамытуға әрдайым ықыластымыз.

Дәл қазіргі университет үшін аса бір маңызды сәтте сіздердің қолдауларыңызға мұқтажбыз. Себебі, «Алматы технологиялық университеті» АҚ Сізді біздің университетті жақсы білетін сарапшы ретінде таңдап отыр. Сондықтан QS World University Rankings рейтингі бойынша университеттің академиялық беделін саралайтын сауалнамаға қатысуыңызды сұраймыз. QS World University Rankings 2021 рейтингі бойынша сіздің берген дауысыңыз – «Алматы технологиялық университеті» АҚ үшін аса маңызды!

Тіркелу үшін төмендегі сілтемеге өтіп, жеке басты куәландыратын мағлұматтарды толтырсаңыз, сізге дауыс беруге арналған сауалдама жіберіледі.
http://www.iu.qs.com/survey-signup/

Сіз және сіздің курстастарыңыз жайлы кез келген ақпаратқа қуанар едік,  ол үшін мына сауалдаманы толтыра кетсеңіз: https://register.atu.kz/ru_RU/анкета-выпускника/ АТУ-дағы студенттік шақ, алған біліміңіз жайлы лебіз қалдырсаңыз. Біздің сайтта сіздердің естеліктеріңізді жариялап отырсақ деген ұсынысымыз бар, сондықтан студенттік шақтағы суреттер мен бейнебаяндарыңыз болса, бізге жіберулеріңізді өтінеміз. Біз сіздерді университет өміріндегі маңызды оқиғалармен, жетістікке жеткен тұлғалармен, университетіміздің білім беру мүмкіндіктерімен таныстырып отырамыз.

Құрметпен,
Алматы технологиялық университеті

АТУ туралы күллі жаңалықты біліп отыр
https://atu.edu.kz/old-version/old-version/old-version/
https://www.instagram.com/atu_media/
https://www.facebook.com/atu.university/
https://www.youtube.com/atu_media