Жаңалықтар

«Инновациялық білім беру технологиялары мен дидактикалық моделі» курсына шақырамыз

Сіздерді MODERNISATION OF HIGHER EDUCATION IN CENTRAL ASIA NEW TECHNOLOGIES THROUGH (HiEdTec) ERASMUS+ жобасы аясында 01.03.2021 нен 15.03.2021 жыл аралығында өтетін «Инновациялық білім беру технологиялары мен дидактикалық моделі» курстарына шақырамыз.

Оқыту нысаны – аралас: 7 күн 3 академичд сағат ZOOM платформасында (21 сағат), қалған 7 күн (51 сағат) қашықтықтан білім беру платформасы open.atu.kz өтіледі.

Курс тренерлері:

PhD, Серікқызы М. С.,
Қашықтықтан оқыту факультетінің
деканы

«Дизайн» кафедрасының лекторы
Тогабаева Г.Ш.

Курс жаттықтырушылары осы бағдарлама бойынша Португалияның Коимбра университетінде тренерлерге арналған курстан өтті, университеттің оқу процесінде қолданылатын КАОК және ЦОР авторлары болып табылады.

Тыңдаушылар қашықтықтан және аралас оқытудың қағидаттары мен технологияларымен танысады, интерактивті презентациялар мен бейне дәрістер, онлайн курстар құру, оларды әзірлеу үшін ресурстармен жұмыс істеу, оқу контентін және электрондық курстарды білім беру порталына орналастыру бойынша білім мен дағдылар алады.

Оқытушыларды ақпараттық және әдістемелік қолдау үшін HiEdTec жобасы аясында арнайы әзірленген нұсқаулықтар мен әдістемелік құралдар, сондай – ақ үйлестіруші университеттің виртуалды кітапханасы-Русен университеті, Болгария қолданылады.

Курс тегін
Сертификат құны – 3000 теңге

Курстың оқу бағдарламасын мына жерден қараңыз – Сілтеме бойынша өту

Тіркелу мына сілтемеде –
Сілтеме бойынша өту 

Онлайн курстың кестесі – Сілтеме бойынша өту