Жаңалықтар

Үздік оқытушыларды құттықтаймыз!

«Ең үздік ЖОО оқытушысы – 2020» байқауына қатысып, жеңіске жеткен АТУ-дың оқытушыларын құттықтаймыз!

Жеңімпаз атанған – Таусарова Бижамал Раимовна, «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының профессоры және Батырбаева Нұргүл Базиловна, «Астық өнімдері мен өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Байқау жеңімпаздарына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, біліктілігін арттыру үшін әлемдік университеттерде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі.

Оқытушыларымызға ғылым жолында тек сәттілік тілейміз!