Жаңалықтар

«ЖАОК – Қазақстанның ашық білім беру ұлттық тұғырнамасындағы қозғалыс» атты вебинар

ҚЖМ ҰҒА қатысуымен 2020 жылдың 27 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған  «ЖАОК- Қазақстанның ашық білім беру ұлттық тұғырнамасындағы  қозғалыс» атты вебинар өтті.

ҚЖМ ҰҒА Вице-президенті А. Қ. Хикметов сөз сөйледі

Вебинарға, онлайн курстарды пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша желілік өзара іс-қимыл Консорциумына қатысатын жоғары оқу орындарының және Қазақстанның ашық білім беру ұлттық платформасының серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері (барлығы 42 ЖОО) қатысты.

Вебинар бағдарламасымен сілтеме бойынша танысуға болады

https://cloud.mail.ru/public/5rxc/usnZGFJMe

Вебинарда АТУ өкілі ретінде  ИББТО  директоры Е.Б. Медведков «АТУ мысалында, ЖАОК-ты оқу процесіне енгізудегі адами фактор» баяндамасымен сөз сөйледі.

Вебинар материалдарымен сілтеме бойынша танысуға болады  

https://youtu.be/awlZxfBL7f4