Хабарландыру

«Қазақ халқына тән діни дүниетаным» сарапшымен кездесу

2020 жылдың қазан айының 13 жұлдызында Алматы технологиялық университетінде ZOOM платформасында Университет басшылығының қолдауымен ҚР БҒМ Ғылым Комитеті жанындағы философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің аға ғылыми қызметкері, Алматы қаласы ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, PhD доктор Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлымен бірге ««Қазақ халқына тән діни дүниетаным» атты қонақтық-дәріс өтті.

Ұйымдастырушы: «АТУ» АҚ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы.

Спикер: Алмасбек Дүйсенбекұлы Шағырбай – ҚР БҒМ Ғылым Комитеті жанындағы Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің аға ғылыми қызметкері, Алматы қаласы ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, PhD доктор.

Қатысушылар:

– Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті;
– Тағам өндірістері факультеті;
– Экономика және бизнес факультеті;
– Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті.

Онлайн қонақтық-дәрісімізді университетіміздің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Батхолдин Қалтай Сейтжанұлы  ашып берді. Қонақтық-дәрісті ашу барысында Батхолдин Қалтай Сейтжанұлы бүгінгі қоғамымыздағы аса бір өзекті де, күрделі мәселелердің бірі – жастардың, жалпы халқымыздың дінге деген көзқарасы, дүниетанымы екендігін тілге тиек етті. Және аталмыш тақырып аясында тарих толқынынан мысалдар келтіріп, еліміздің, жалпы қоғамымыздың өзекті мәселелерінің бірі – дін мәселесі екендігін сауатты түрде жеткізіп берді. Сондай-ақ, Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейінгі саяси, діни ахуалдарға талдау жасай отырып, соңғы уақыттардағы діни ағымдардың статитикалық мәліметтеріне де тоқталып өтті.

Сөз кезегін алған құрметті қонағымыз Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы тарихы терең, тағылымы ерен қазақ халқының «Қазақ халқына тән діни дүниетанымы» дегенде, ең алдымен халқымыздың қаймағы бұзылмай сақталған сал-дәстүрінен бастау алатындығын айтты. ҚР Конституциясының 1-бабы 1-тармағында көрсетілгендей «ҚР – демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» екендігін ескере отырып, зайырлы деген сөздің мағынасын түсінпегендіктен де, біздің халқымызға діни дүниетаным тұрғысынан жетіспейтін бірден-бір қасиет – сыни ойлау екендігін атап өтті.

Бүгінгі қоғамымыздағы жастарды, жалпы халқымызды азаматтық, отаншылдық, діни тәрбиемен сусындататын осынау іс-шараны ұйымдастыруға белсене қатысқан «АТУ» АҚ ректоры, ҚР Ұлттық Академиясының академигі, профессор, т.ғ.д. – Құлажанов Талғат Құралбекұлына,  университетіміздің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Батхолдин Қалтай Сейтжанұлына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, ф. ғ. д. Қодар Зәмзә Мүтәшқызына үлкен алғысын білдірді.

Дәрістің тыңдарман қауымға қызықты болғандығы сөз соңында қызу талқыға түскен сұрақ-жауаптар негізінде түсінікті болды. Көпшілік жастарымызды мазалайтын сауал – хиджаб мәселесі екен. Сонымен қатар, мешіт-медреселер, уағыздар мен имамдар жөнінде бірқатар сұрақтар қойылды. Спикер азаматымыз жастарымызға үлгі болар, тура жолды көрсетер анық әрі жан-жақты мәліметтермен сұрақтарға тыңғылықты жауап берді. «Болашақта мектептерде өткізілетін «Дінтану негіздері» пәнін факультативтік пәндер қатарынан алып, кәдімгі сабақтардың қатарына қосатынына сенімі мол екендігін, сондай жағдайда жастарымыздың діни дүниетанымға деген сауаттылығы артар еді», – деп өз ойын жеткізді.

Жалпы аудитория 300-ге жуық студент жастарымызды қамтыды.