Жаңалықтар

Тағам, жеңіл өнеркәсіптері және қонақжайлылық индустриясының инновациялық даму

2020 жылдың 22 қазанында Алматы технологиялық университетінде Zoom платформасында «Тағам, жеңіл өнеркәсіптері және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция жұмысына Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің, Ош технологиялық университетінің (Қырғызстан), А.Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің, Н.И. Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік аграрлық университетінің (Ресей), М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік университетінің (Шымкент қ.), Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің, Қазақ технология және бизнес университетінің (Нұр-Сұлтан қ.), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің (Тараз қ.), С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің (Алматы қ.), Қазақстан метрология институтының, сондай-ақ, ҚР тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастықтарының басшылары және т.б. қатысты.

Конференцияны құттықтау сөзімен Алматы технологиялық университетінің ғылым және инновация жұмыстары жөніндегі проректоры, профессор Б.А. Рскелдиев ашты. Өз сөзінде ол университеттің ғылыми жетістіктері мен болашаққа арналған перспективалық жоспарларын атап өтті.

Конференцияның пленарлық отырысында өз баяндамаларымен келесі қатысушылар сөз сөйледі:

Великороссов Владимир Викторович – э.ғ.д., профессор, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің «Ұйымдастыру-басқару инновациясы» кафедрасының меңгерушісі (Ресей), тақырыбы: «Covid 19 сандық түрлендірудің триггері ретінде»;

Бакирова Назгуль Асанкановна – т.ғ.к., доцент, Ош технологиялық университетінің «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы» кафедрасының меңгерушісі (Қырғызстан). Тақырыбы: «Тігін машинасының беріліс білігінің динамикасының теңдеуі және оның сәйкестігін тексеру».

Битус Евгений Иванович – т.ғ.д., профессор А.Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің «Тоқыма технологиясы» кафедрасының меңгерушісі (Ресей). Тақырыбы: «Жақсартылған тұтынушылық қасиеттері бар көп функциялы тоқыма емес мата құрылымдарының технологиясы».

Қодар Замза Муташевна – ф.ғ.д., Ресей жаратылыстану академиясының корр.мүшесі, Алматы технологиялық университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі. Тақырыбы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы-этносаясаттың Назарбаев моделі».

Ержигитов Еркин Сабралиевич – а/ш.ғ.к., Қазақстан метрология институтының директорының орынбасары. Тақырыбы: «Метрология-ғылыми-техникалық прогрестің негізі».

Спикерлер өз баяндамаларында пандемия кезіндегі экономиканың, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамытудың өзекті мәселелерін, ғалымдардың өндірістегі технология мен техниканы жетілдіруге қосқан үлесін көтерді.

Жалпы конференция жұмысы өте қызықты және жоғары деңгейде өтті. Биыл халықаралық конференцияға Қазақстан Республикасының, алыс және жақын шетелдердің ҒЗИ, ЖОО және өнеркәсіптік кәсіпорындарынан 150-ден астам баяндама келіп түсті.