Жаңалықтар

Ректормен есептік кездесу

2020 жылдың 16 қазанында сағат 15.00-де Алматы технологиялық университетінің Ректоры Т.Қ. Құлажановтың 2019-2020 оқу жылына арналған университет жұмысының нәтижесі бойынша қоғам алдындағы есеп беру кездесуі өтті.

Кездесу барысында Ректор университет қызметінің қорытындысы жайлы жан-жақты есеп беріп, алдағы уақыттағы жоспары  жайлы баяндады.

Сондай-ақ кездесу барысында көрермендерден келіп түскен бірқатар сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар студенттердің ата-аналары байланысқа шығып, АТУ басшылығы мен оқытушыларына сәтті ұйымдастырылған оқу үдерісі мен жасалып отырған әлеуметтік жағдай үшін, алғыс білдірді.

Іс-шара АТУ-дың YouTube желісіндегі  atu_media  арнасының тікелей эфирінде көрсетілді.

Есептің презентациялық нұсқасымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар. 

Презентация