Жаңалықтар

Қамқоршылар кеңесінің отырысы

9 қазан күні сағат 15:00-де Алматы технологиялық университетінің Қамқоршылар кеңесінің отырысы өтті. Жиналыс барысында Қамқоршылар кеңесі жұмысының 2019-2020 оқу жылына арналған  есебі қарастылырып,, 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланды, сонымен қатар, АТУ-дың Қамқоршылар кеңесінің құрамындағы өзгерістер, жұмыс берушілердің  өндіріс талаптарын ескере отырып, студенттердің диплом жұмыстары мен стартап-жобаларының тақырыптарын ойластыруға араласуы, барлық сала кәсіпорына Қос тарапты білім беру жүйесін енгізу сияқты бірқатар маңызды мәселелер де қозғалды. Отырыс соңында кеңес мүшелеріне алғыс хаттар табыс етілді.