Қоғаммен байланыс бөлімі
Қоғаммен байланыс бөлімі университеттің Маркетинг басқармасына қарайтын құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Университеттің ақпараттық-коммуникациялық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу мақсатында құрылған. Мақсаты – позитивті имидж қалыптастыру, АТУ-дың Стратегиялық жоспарын іске асыруды объективті қамтуды ұйымдастыру, университеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру.
Қоғаммен байланыс бөлімінің міндеттері:
- АТУ-дың БАҚ беттерінде жариялануын қамтамасыз ету және қоғамды университет қызметі туралы ақпараттандыру;
- білім беру, ғылыми, зерттеу және инновациялық орталық, Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орны ретінде университеттің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған нақты бағдарламалар, жобаларды әзірлеу, іске асыру;
- университеттегі ішкі және сыртқы ақпарат ағындарын бағыттау және реттеу;
- Алматы технологиялық университетінің ішкі және сыртқы имиджін қалыптастыру және жылжыту, оның ішінде Интернет байланысы арқылы;
- корпоративтік веб-сайтты жүргізу, АТУ туралы кітаптарды дайындау және басып шығару, әлеуметтік желілерде «Технолог» газетінің ақпараттық қатысуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру.