Хабарландыру

«ҒЫЛЫМ. БІЛІМ. ЖАСТАР» Республикалық жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы

ХАБАРЛАМА ХАТ
Құрметті жоғары оқу орындарының, кәсіпорындардың, ҒЗИ жетекшілері!

Сіздерді, жас ғалымдарды: студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және ғылыми қызметкерлерді «ҒЫЛЫМ. БІЛІМ. ЖАСТАР» Республикалық жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференцияны ұйымдастырушы: Алматы технологиялық университеті

Конференция Алматы қаласы, Төле би көшесі 100, Алматы технологиялық университетінде өтеді

Конференцияның жұмыс тілдері:қазақ, орыс, ағылшын.


Конференция жұмысының бағыты:

– Тағам  және өңдеу өндірісінің технологиясы;
– Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі;
– Технологиялық процестерді механизациялау, автоматтандыру және ақпараттандыру;
– Жалпы экономикалық мәселелер, қонақжайлылық индустриясы;
– Жаратылыстану ғылымдары;
– Әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдар;
– Қазақстанның туристік әлеуеті.
– Абай-ақын, ойшыл, философ.


Баяндамаларды ұсыну:

Баяндамалар мен хабарламалартолық 3 беттен аспайтын (графикалық материалды қосқанда) көлемде, интерактивті формада ұсынылады.Баяндамаларды жіберу үшін online жүйесінде төмендегі сілтеме бойынша http://register.atu.kz/rnpk/  электрондық тіркелу қажет.

Баяндама тіркеу формасына бөлек файл болып тіркеледі. Файлдың аты – бірінші автордың аты. Мәтінді теру шрифті Times New Roman, Times New Roman KK EK, Формат: MS Word 95/97/2000/XP, кітаптық, шрифт өлшемі – 14, сөйлемаралық интервал – біртекті, барлық шеттері жан-жағынан – 20 мм.

Бір автордан 2 -ден көп емес мақала қабылданады. Бір мақаладағы авторлардың саны 3-тен аспау керек.

Баяндама жарияланымға қабылданғаны туралы ұйымдастыру комитетінің хабарламасынан кейінавтор қатысу жарнасын төлеген құжатының сканерленген көшірмесін conference@atu.kz электронды адресіне жібереді. Қатысу жарнасын төлегендігі туралы құжатты ұсыну мерзімі – 17сәуір 2020 жыл.

Баяндама «Конференцияның ғылыми еңбектер жинағында» жарияланады және конференция жұмысы аяқталғаннан кейін бір ай аралығындаwww.atu.kz сайтына қойылады.Конференцияға келуге және материалдардың жіберілуіне байланысты шығындар қатысушылар есебінен жүргізіледі. Баяндаманы ұсыну уақыты 2020 жылдың 20наурызына дейін. Ұйымдастыру комитеті, безендірілу талабына жәнеконференция тақырыбына сәйкес келмеген немесе 2020 жылдың 20наурызынан кейін тапсырылған баяндаманы қайтаруға құқылы.

Баяндама мәтіні келесі схема бойынша толтырылады: Құжаттың басында сол жақ жоғарғы бұрышында ӘОЖ индексі көрсетіледі, келесі жолдың ортасынан, баспа әріптерімен – баяндама аталуы, келесі жолда авторлар фамилиясы мен инициалы және ғылыми жетекшілердің (болған жағдайда) ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, қаласы, электронды адресі және келесі жолдан баяндама мәтіні жазылады. Мәтін түпнұсқа болып есептеледі және өзгертілмейді.Баяндама соңында әдебиеттер тізімі беріледі. Әдебиеттерге сілтеме міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Ұйымдастыру сұрақтары

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитеті мекен жайына 2020 жылдың 20 наурызына дейін конференцияға қатысушы тіркелу формасы мен баяндамасын жіберу қажет. Конференцияға қатысу жарнасы 2500 теңгені құрайды.


Конференцияға қатысушының тіркелу формасы

Фамилия, аты, әкесінің аты (толығымен) ———————————————————————-

Оқу немесе жұмыс орны, қызметі ———————————————————————————–

Ғылыми дәреже, ғылыми атағы ————————————————————————————–

Байланыс телефоны, электронды адрес —————————————————————————-

Ғылыми жетекшінің фамилиясы, аты, әкесінің аты (толығымен)————————————–

Жұмыс орны, қызметі———————————————————————————–

Ғылыми дәреже, ғылыми атақ —————————————————————————————-

Баяндама тақырыбы—————————————————————————————————–

Бағыты———————————————————————————————————————-

Конференцияға қатысу формасы (белгілеу қажет):баяндамасыз қатысу; баяндамамен қатысу; сырттай қатысу.

Қонақ үйге орынды алдын-ала жалдау қажеттігі (иә, жоқ)—————————————————–


Ұйымдастыру комитетінің мекен – жайы:

050012, Алматы қаласы, Толе би көшесі 100, Алматы технологиялық университеті,

Ғылым басқармасы, каб. 617, тел. +(727) 293-53-19 ішкі. 178, 243.

E-mail: conference@atu.kz


Төлем деректемелері

«Алматы Технологиялық Университеті» АҚ

«Банк ЦентрКредит» АҚ

РНН 600700012258
БИК KCJBKZKX
КБЕ: 17
БИН 990840000359
ИИК KZ 878560000000011134