Жаңалықтар

Құрметті әріптестер, оқытушылар мен студенттер!

Сіздерді дүниеге көрік берген шырайлы жыл, жыл басы, халқымыздың ежелден келе жатқан төл мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ырыс пен ынтымақтың арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әр таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Шаңырақтарыңыз тек бірлік пен молшылықтың мекені болғай.

Наурыз Сіздердің отбасыларыңызға құт-береке, қуаныш пен бақыт сыйласын!