Жаңалықтар

АТУ ғалымдарының инновациялық ғылыми зерттеулері – табысты болашаққа қадам

АТУ азық-түлік қауіпсіздігі институтында – «Жалын «ҰТТЦ» ЖШС серіктестерінің қатысуымен «Энтеросорбирлейтін тамақ талшықтары қосылған негізгі өнімдердің (нан-тоқаш және ашыған сүт өнімдері) сапасын арттыру технологиясын әзірлеу жобасының нәтижелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ғылыми жобаны жүзеге асыруға «Тағам өнімдерінің технологиясы», «Нан өнімдері және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» кафедраларының оқытушылары және тағам қауіпсіздігі институтының ғылыми қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел бағдарламасында Алматы технологиялық университетінің ғылым және инновация жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Б. А. Рскелдиев АТУ-дың 150 – ден астам университеттерімен, Қазақстанның, ТМД, Еуропа, Азия және Америка елдерінің ғылыми-зерттеу мекемелерімен ынтымақтастығы туралы, жоба шеңберінде бірлескен зерттеулер жүргізу туралы – «Жалын «ҰПТЦ» ЖШС Бас директоры С. Х. Ақназаров баяндама жасады.

Дөңгелек үстел соңында функционалдық өнімдерді құрастыруды «Жалын «ҰТТЦ» ЖШС-мен одан әрі дамыту жоспарланды.