Хабарландыру

Хабарландыру

Алматы технологиялық университеті 2019 жылдың 11-12 сәуірінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында

  • 5В072600 – Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы,
  • 5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы,
  • 5В072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы,
  • 5В073300 –Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
  • 5В091200 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

білім беру бағдарламалары бойынша ХІ Республикалық пәндік олимпиадасының ІІ кезеңін өткізеді.

Олимпиаданың өткізілу орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 100 (Байтұрсынов көшесінің қиылысы), Алматы технологиялық университеті бас оқу ғимаратының үлкен акт залы.

ХІ РПО қатысушыларын тіркеу – 2019 жылдың 11 сәуірінде сағ. 08.30 – 09.30,олимпиаданың басталуы – сағ. 09.30.