Жаңалықтар

Грантты өтеу мәселесі бойынша

2021 жылы 20 мамыр күні Алматы технологиялық университетінің түлектерімен Оқу-әдістеме жөніндегі проректоры Ләззат Кемербекқызы және қаржы орталығының жетекші маманы Серікқали Ағзира Серікқалиқызымен онлайн-кездесу өтті. Онлайн-дәрістің өткізілу себебі – грантты өтеу мәселесі бойынша заңнамамен түлектерді таныстыру болды. Ағзира Серікқалиқызы мемлекеттік гранттарды өтеуге қатысты маңызды мәселелерді атап өтті.

Заңның 47-бабы, 17-тармағында 2008 жылдан бастап ауылдық жерлерде орналасқан білім беру ұйымдарына түскендерге, сондай-ақ 1 қыркүйек 2017 жылдан бастап түскендер ақылы оқудан грантқа ауысқан, үкімет белгілеген тәртіппен меншік формасынан тәуелсіз жұмыс істейтін, акционерлік қоғам, ЖШС, жеке кәсіпкер және т.с.с. болуы мүмкін емес. Барлық мәселелерді комиссия шешеді. Жоғары оқу орындарында жыл сайын 1 қаңтардан бастап, 1 қазанға дейін комиссия құрылады. Осы уақыт аралығында университеттер жұмыс істейтін жас мамандарды бөліп қою керек. Есепті 1 шілдеге дейін қаржы орталығының ақпараттық жүйесіне жіберуі тиіс.

Түлектер жеке үлестірімге қол қойып, үш жұмыс күні ішінде мансап орталығына өткізу керек, ал олар өз кезегінде студенттерді жұмыс ұйымдарына жібереді. Бұл ақпаратты елемеген адамдар қатыспау туралы акт толтырады. Жұмыспен қамту орталығына тіркеу 17.2 тармағына сәйкес университет бағытындағы жұмыс есептеледі. Әскери қызметке шақыру құжаты бар адамдарға, жүкті әйелдерге, 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер мен мүгедектерге кейінге қалдыру рұқсат етіледі. Оқуды жалғастыратын түлектер, мансап орталығына құжаттарды тапсырып, хабарлау керек. Егер түлек жұмыспен қамту бойынша міндеттерді орындамаған болса, оқудың ақысын қайтарады.

Ләззат Кемербекқызы онлайн кездесудің соңында студенттердің барлық сұрақтарына жауап беріп, қатысқандары үшін алғысын білдірді.