Жаңалықтар

Қазақ тілі – менің тілім!

2021 жылдың 24 ақпанында сағат 14:00-де Алматы технологиялық университетінде «Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасының қазақ тілі пәні бойынша «Тәуелсіз  Қазақстанға 30 жыл: Қазақ тілі – менің тілім» тақырыбында  ZOOM платформасында қашықтан олимпиада өтті.

Олимпиаданың ұйымдастырушылары «Қазақ тілі» әдістемелік бірлестігі оқытушылары: А.С.Сағымова, Қ.Ж.Әдірахманова, Л.С.Мекебаева, А.З.Әбдіқадірова, Н.Ә.Әбдікерім.

Олимпиаданың өткізілу мақсаты – шығармашылық мүмкіншіліктерді ашу, жеке тұлғаның қарқынды қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасау, ең дарынды студенттерді таңдау және қолдау. Сонымен қатар, олардың интеллектуалды әлеуеттерін қалыптастыруға жағдай жасай отыра қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді шеше білуге, ғылым жолына деген ынтасын ояту, дамыту.

Білім сайысына қатысқан оқушыларға әділ баға беретін әділқазылар құрамында: Әбдіқадірова Айнұр Зеренқанқызы – педагогика ғылымының магистрі, Жакипова Мира Нурзадиновна – педагогика ғылымының магистрі, Ермаханова Сәуле Базархановна – педагогика ғылымының магистрі, Бейсекеев Бекзат – 1 курс, МІҚБ-20-2 тобының студенті, Баяндинов Жәңгір – 1курс, АЖ-20-2 тобының студенті.

Олимпиада кезеңдері:
Ғаламтордан онлайн бағдарламар арқылы әр нақты дұрыс жауаптарды тауып, ұпай жинады.

– Интеллектуалды-танымдық сұрақтар;
– Жылдар сөйлейді;
– «Сөз атасы – мақал»;
– Эссе;

Сайыс қорытындыланып, жеңімпаздар І ,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Әділқазылар алқасы олимпиаданың жүзден жүйрік, мыңнан озып шыққан жеңімпаздарын анықтады:

І орын – Пазилова Дана – ТӨТ-20-21 (Абдрахманова К.Ж)

ІІ орын – Тажиддинова Шоира – ТӨТ -20-22 (Сагимова А.С)

ІІ орын – Мостовая Настя – МІҚБ-20-2 (АбдикеримН.А)

ІІI орын – Алханов Хусниддин – ТӨТ-20-22 (Сагимова А.С)

ІІI орын – Зикеева Ольга  Дизайн – 20-2 (Абдикерим Н.А)

ІІI орын – Шадымұратова Назира – ҚӨӨТ -20 (Сагимова А.С)

Осы олимпиадаға белсене қатысқаны үшін  Юлдашев Зиевуддуин АЖ- 20-2, Хусенова Анна БТ-20-2, Ганиева Севиль ТӨТ -20-21 тобының студенттеріне алғыс жарияланды.