Жаңалықтар

Ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды

2021 жылғы 2 ақпанда «Алматы технологиялық университеті» АҚ мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті арасында «Өзара ынтымақтастық туралы» Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыта отырып,  жүзеге асырылатын мынадай нысандары мақұлданды:

– техникалық реттеу, стандарттау және метрологияның әртүрлі салаларында тараптар сарапшылары арасындағы диалогқа жәрдемдесу;
– ақпаратпен және материалдармен, көрмелер туралы ақпаратпен өзара алмасуға ықпал ету, бірлескен іс-шаралар өткізу;
– техникалық реттеу, стандарттау, метрология және өзара қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша конференциялар, семинарлар ұйымдастыру.

«Өзара ынтымақтастық туралы» Меморандумға «АТУ» АҚ Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, №67 стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің төрағасы, т.ғ.д., профессор Б.А.Рскелдиев және Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ.И.Керімқұлов қол қойды.

Тараптардың өзара іс-қимылы олардың тәжірибесін, ақпараттық және техникалық ресурстарын пайдалану, кадрларды даярлау мәселелері бойынша өзара әдістемелік және консультациялық көмек беру арқылы жүргізіледі.

«АТУ» АҚ Ғылым басқармасы