Менеджмент

Білім саласы
6B04 Бизнес, басқару және құқық

Дайындық бағыты
6B041 Бизнес және басқару

Білім беру бағдарламаларының тобы
B044 Менеджмент және басқару

БББ мақсаты:

Кәсіби қызметтегі кешенді міндеттерді тиімді шешуге, креативті және кәсіпкерлік ойлай алатын, тәжірибелік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері бар командада жұмыс істеуге қабілетті, бизнес және басқару саласындағы жоғары білікті менеджерлерді даярлау

Кәсіптік қызметте экономика, кәсіпкерлік, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, қаржылық сауаттылық және тұрақты даму негіздерін білуді қолданады

Басқарушылық шешімдерді негіздеу үшін микро - және макро деңгейде экономикалық және статистикалық талдау әдістерін пайдалана отырып, экономикалық көрсеткіштерді жинауды, өңдеуді, талдауды және түсіндіруді жүзеге асырады

Бизнестің этикалық нормаларын ескере отырып, экономикалық, бухгалтерлік және маркетингтік ақпаратты жинау және талдау, түсіндіру үшін ақпараттық технологияларды, қолданбалы бағдарламалық құралдарды және ақпаратты өңдеудің заманауи әдістерін пайдаланады

Басқару шешімдерін қабылдайды және ішкі және сыртқы мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып, өзекті ақпаратты талдау негізінде олардың салдарын бағалайды

Кәсіби қызмет саласында басқарушылық шешімдер қабылдау үшін тайм-менеджменттің әдістері мен құралдарын, ұйымдастыру теориясын қолданады

Академиялық адалдықтың маңыздылығын, принциптері мен мәдениетін түсіну негізінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пен этикалық салдардың өзекті ақпаратын талдай отырып, ұйымдық құрылымдарды жобалайды

Іскерлік этика нормаларын, этикалық және құқықтық мінез-құлық нормаларын ұстана отырып, көшбасшылық қасиеттерін көрсете отырып және кәсіби қасиеттерін жетілдіру бойынша өз бетінше оқыту практикасын қолдана отырып, персоналды басқару әдістері мен құралдарын қолданады

Ішкі және сыртқы орта факторларын ескере отырып, ұйымның стратегиялық талдауына, стратегиялық және инвестициялық жоспарын әзірлеуге қатысады

Кәсіпорынның бизнес процестерін құруға және өндірісті ұйымдастыруға қатысады

Дағдарысқа қарсы басқару құралдарын пайдалана отырып, бизнес - жоспарлар, инновациялық жобалар әзірлейді

Нарық конъюнктурасы мен құқықтық ортаны ескере отырып, шағын бизнесті құруға қатыса алады, инновациялық кәсіпкерлік ойлауды дамыту үшін дербес оқытуды қолдана алады

Бизнес және басқару саласындағы кәсіби міндеттерді шешуде ғылыми зерттеулер мен академиялық жазудың заманауи әдістерін қолданады, Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін ұстана отырып, ғылыми пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады

Экономиканың нақты секторы, қаржы-банк жүйесі, бизнес және кәсіпкерлік

  • ғылыми-зерттеу;
  • ұйымдастыру-басқару;
  • өндірістік-технологиялық;
  • жобалық;
  • коммерциялық;

Бизнес-құрылымдар, өнеркәсіптік өндіріс, ұйымдар мен фирмалар, мемлекеттік басқару органдары, қаржы ұйымдары, жобалау және ғылыми–зерттеу институттары

 

Оқыту бағытына лицензия нөмірі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға арналған 2025 жылғы 3 наурыздағы № KZ21LAM00001179 лицензияға №2 қосымша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 ақпандағы №303 бұйрығы

Құжаттама

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз