Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Білім саласы
6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

Дайындық бағыты
6B082 Мал шаруашылығы

Білім беру бағдарламаларының тобы
B078 Мал шаруашылығы

БББ мақсаты:

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және өсімін молайту, олардың өнімділігін арттыратын азықтандыру рациондарын құру саласында жоғары білікті кадрлар даярлау.

Кәсіби қызметінде заманауи техниканы, ақпараттық, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолданады

Кәсіби және жеке қызметте экономика, құқық және қаржылық сауаттылық негіздері туралы білімді пайдаланады

Мал шаруашылығындағы кәсіби міндеттерді шешуде жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша білімін қолданады

Ғылыми зерттеу әдістері, академиялық жазу жанрлары және кәсіби саладағы ғылыми этика принциптері туралы білімді қолдануға қабілетті

Мал шаруашылығындағы практикалық мәселелерді шешуде аналитикалық және зерттеу дағдыларын қолданады

Ауылшаруашылық жануарлары мен құстардың өнімділігін арттыру үшін оларды толық азықтандыруды қамтамасыз етеді

Зоогигиеналық және санитарлық талаптарға сәйкес заманауи жабдықтарды пайдалана отырып мал шаруашылығы объектілерін жобалайды 

Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының морфологиясы мен физиологиясын білу негізінде шаруашылықта зооветеринарлық іс шараларды жүргізу

Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың өнімділік қасиеттерін білу негізінде асыл тұқымды мал шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады

Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалау және бақылаудың заманауи әдістерін қолданады

Ауыл шаруашылығы, қуаңшылыққа бейім жануарлар мен құстарды өсіру саласындағы ғылыми зерттеулер негізінде мал шаруашылығының жоғары сапалы өнімін өндіруге қабілетті

Экономика, тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы білімдерге сүйене отырып, мал шаруашылығы нысандарындағы өндірісті басқарады

Ұйымдастырушылық-басқарушылық:

  • өзіндік құнын төмендету кезінде жоғары сапалы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру жүйесінде ұйымдастыру, жоспарлау, басқару;

Өндірістік:

  • мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, мал шаруашылығы шикізатын бастапқы өңдеу;
  • мал шаруашылығы өнімдерінің маркетингі және өткізуі; 
  • жануарларды зоотехникалық және асыл тұқымдық есепке алу;
  • жем-шөп, су құрамын талдау, әр түрлі жем-шөп дайындау, сақтау және пайдалану технологиясын әзірлеу жобалық-конструкторлық жұмыстар:
  • мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы объектілерін салу кезінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу; 

Ғылыми-зерттеу:

  • мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің қолданыстағы технологияларын жетілдіру және жаңаларын әзірлеу;
  • селекциялық-асылдандыру жұмысындағы зерттеулер;
  • азықтандырудың жануарлардың өнімділігіне әсерін зерттеу және азықтандырудың оңтайлы рациондарын әзірлеу

Ірі қара және ұсақ мал, шошқа, қоян, құс және терісі бағалы аңдар өсірумен және мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен байланысты әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар(агрокешендер мен агрофирмалар, ауыл шаруашылығы кешендері, фермерлік және жеке қосалқы шаруашылықтар), жобалау ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары

 

Оқыту бағытына лицензия нөмірі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға арналған 2025 жылғы 3 наурыздағы № KZ21LAM00001179 лицензияға №3 қосымша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 ақпандағы №303 бұйрығы

Құжаттама

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз