Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Білім саласы
6В07 Инженерлік, өндіруші және құрылыс

Дайындық бағыты
6В072 Өндірістік және өңдеу салалары

Білім беру бағдарламаларының тобы
В072 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

БББ мақсаты:

Фармацевтика саласының халықаралық талаптары мен стандарттарына сәйкес дәрілік препараттарды әзірлеу, технологиялық процестерді ұйымдастыру және бақылау дағдыларын меңгерген жоғары білікті фармацевтикалық өндіріс технологтарын даярлау.

ОН1 Кәсіби қызметінде экономика, кәсіпкерлік, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қаржылық сауаттылық негіздері бойынша білімін қолданады

ОН2 Фармацевтикалық өндіріс технологияның негізгі құзыреттерін қалыптастыру үшін жаратылыстану пәндерінің өзара байланысы туралы білім мен түсінікті пайдаланады

ОН3 Кәсіби және ғылыми қызметінде латын тілін меңгеру дағдыларын, ғылыми зерттеу әдістерін және жасанды интеллект технологияларын қолданады

ОН4 Экожүйелер мен қоғамның тұрақты даму қағидаларын іске асыру барысында экологиялық білім мен тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын қолданады

ОН5 Табиғи және синтетикалық шикізат негізінде дәрілік препараттарды әзірлеу үшін химиялық технология бойынша негізгі білімі мен дағдыларын пайдаланады

ОН6 Жаңа буын медициналық бұйымдары мен дәрілік препараттарын өндіруге арналған инновациялық технологияларды әзірлейді

ОН7 Фармацевтикалық өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бойынша білім мен дағдыларды қолданады

ОН8 Технологиялық процестерді жобалауға және фармацевтикалық өндіріс жабдықтарын таңдауға қатысады

ОН9 Нормативтік-құқықтық актілерді қолданады және фармацевтика саласының талаптары мен стандарттарына сәйкес технологиялық процестерді валидациялауды жүргізеді

ОН10 Фармацевтика саласының кәсіпорындарында ұйымдастырушылық-басқарушылық, өндірістік-технологиялық, табиғатты қорғау және кәсіпкерлік қызметке қатысады
 

Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды әзірлеу және өндіру; фармацевтика саласында өндірістің жаңа технологияларын, жабдықтары мен әдістерін енгізу жөніндегі жобаларды басқару; дәрілік заттарды сертификаттау, тіркеу, өткізу және қадағалау; фармацевтикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету.

- ұйымдастырушылық-басқарушылық 
- өндірістік-технологиялық
- есептік-жобалық
- ғылыми-зерттеу
 

-    фармацевтикалық кәсіпорындар мен зертханалар, фармацевтика саласындағы зерттеу институттары, сертификаттау және сапаны бақылау органдары, фармацевтика саласына жаңа технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысатын ұйымдар.

 

Оқыту бағытына лицензия нөмірі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға арналған 2025 жылғы 3 наурыздағы № KZ21LAM00001179 лицензияға №4 қосымша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 ақпандағы №303 бұйрығы

Құжаттама

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз