Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

Білім саласы 
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Дайындық бағыты 
6B071 Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының тобы 
B064 Механика және металл өңдеу

БББ мақсаты:

Тігін, аяқ киім және былғары өндірісі жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және пайдалану саласында жеңіл өнеркәсіп үшін технологиялық процестерді механикаландыру саласында қазіргі заманғы технологияны жобалау және меңгеру дағдыларына ие жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Кәсіптік қызметте экономика, кәсіпкерлік, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қаржылық сауаттылық негіздерін білуді қолданады

Замануи техникамен жұмыс істеу даңдыларын көрсетеді, кәсіби қызмет саласында ақпараттық және цифрлық технологияларды пайдаланады және жасанды интеллект

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы базалық білімді, жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік этикалық қабілеттерді пайдаланады, кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады

Жеңіл өнеркәсіп машиналары мен аппараттарын монтаждау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша жалпы инженерлік білімді қолданады

Тігін, тері-үлбір және аяқ киім машинасын жасаудың қазіргі жағдайы мен даму бағытын зерделейді, кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады

Жеңіл өнеркәсіптің технологиялық жабдықтарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету, әзірлеу және жаңғырту бойынша конструкторлық дағдыларды көрсетеді

Жабдықты стандарттау, сертификаттау, метрологиялық сүйемелдеу және шығарылатын өнімнің сапасын бақылау жөніндегі құжаттаманы әзірлейді

Технологиялық жабдықты тиеу-түсіру,іске қосу-реттеу, жөндеу және пайдалану жұмыстарын және технологиялық процесті автоматты басқару мәселелерін ұйымдастырады

Инновациялық жобалармен жұмыс жасауда компьютерлік құрастыру, модельдеу және ғылыми зерттеу әдістері, академиялық жазу жанры білімін қолданады

Машина жасау бұйымдарының бөлшектері мен тораптарын жобалау кезінде стандартты әдістер мен есептеу бағдарламалық құралдарын қолданады

Технологиялық жабдықтарды жөндеу, пайдалану және жөндеу сияқты барлық кезеңдерде тұрақты дамуды, тіршілік қауіпсіздігі мен экологиялық тазалықты қамтамасыз етеді

Экономикалық есептеулер негізінде ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық шешімдер қабылдайды және өндірістік учаскелерді құру және жаңғырту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады

Бәсекеге қабілетті: киім, аяқ киім, үлбір және былғары бұйымдарын дайындауға бағытталған өндірістік, жобалық-конструкторлық, жаңа жеңіл өнеркәсіптің қолданыстағы технологиялық жабдықтарын жаңғырту

Жеңіл өнеркәсіп машиналары және аппараттары:

  • жеңіл өнеркәсіптің машина жасау саласындағы инженерлік-техникалық және ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу;
  • жаңа технологиялық жабдықты әзірлеу немесе қолданыстағы технологиялық жабдықты жаңғырту;
  • инновациялық жобалармен жұмыс жасауда жобалау, модельдеу және ғылыми зерттеу әдістерін қолдану; іске қосу-реттеу, жөндеу және пайдалану жұмыстарын, технологиялық жабдықтарды ұйымдастыру;
  • барлық кезең: технологиялық жабдықты баптау, пайдалану жұмыстарында еңбекті қорғауды ұйымдастыру;
  • техникалық құралдарды, жүйелерді, процестер мен жабдықтарды стандарттау және сертификаттау бойынша толық техникалық құжаттаманы дайындау;
  • өнім сапасын бақылаудың үлгілік әдістерін пайдалана отырып технологиялық процестерді метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • өндірісті экологиялық бақылауды ұйымдастыру;
  • жобаланатын бұйымдардың техникалық деңгейінің көрсеткіштерін айқындай отырып жаңа жобалық шешімдердің патенттік тазалығын және олардың патентке қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында патенттік зерттеулер жүргізу;
  • жеңіл өнеркәсіп машиналарының бөлшектері мен тораптарын жобалау кезінде стандартты есептеу әдістерін қолданады.

жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын; тігін және аяқ киім фабрикаларын; былғары, аң терісі, былғары галантерея зауыттарын жабдықтау

  • технологиялық тәртіпті дайындаудың технологиялық реттілігі және бақылау;
  • техникалық құралдарды, жүйелер мен технологиялық жабдықтарды стандарттау, сертификаттау және метрологиялық бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттама.

 

Оқыту бағытына лицензия нөмірі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға арналған 2025 жылғы 3 наурыздағы № KZ21LAM00001179 лицензияға №2 қосымша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 ақпандағы №303 бұйрығы

Құжаттама

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз