Тоңазытқыш машиналар және кондиционерлеу жүйелері

Білім саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Дайындық бағыты
6B071 Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының тобы
B064 Механика және металл өңдеу

БББ мақсаты:

Кәсіби және әлеуметтік құзыреттілікке ие, оның ішінде жалпы мәдени құзыреттілікке ие, әртүрлі мақсаттағы Тоңазытқыш машиналар мен ауаны баптау жүйелерін жобалауға, монтаждауға және пайдалануға қабілетті кең бейінді кадрларды даярлау.

ОН1 Кәсіптік қызметте экономика, кәсіпкерлік, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қаржылық сауаттылық негіздерін білуді қолданады

ОН2 Жаратылыстану және инженерлік ғылымдар саласында базалық білімі бар, кәсіби салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және күрделі тәуелділіктерді қолданады

ОН3 Суықпен жабдықтау және ауаны баптау жүйелері саласындағы ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазу дағдыларына ие, Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін ескере отырып, ғылыми пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады

ОН4 Есептеулер мен өлшемдерді орындайды, метрология құралдарын пайдаланады

ОН5 Жабдықтың бөлшектері мен тораптарын жобалау кезінде есептеудің стандартты әдістерін қолданады; технологиялық және тоңазытқыш жабдықтарды есептеу, жобалау және жаңғырту, жобалау, техникалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы дайындау, оларды сараптау және жобалау шешімдерінің техникалық-экономикалық негіздемесі жөніндегі жұмыстарға қатысады

ОН6 Жұмыс орындарын тоңазытқыш жабдықтармен, кондиционерлеу жүйесімен техникалық жарақтандыруды және оларды автоматтандыруды қамтамасыз етеді, жаңа жабдықты сынау және пайдалануға беру кезінде монтаждау және баптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады

ОН7 Орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастырады, кәсіпорында техникалық құжаттама жасайды, өндірістік бөлімшелер қызметінің нәтижелерін талдайды

ОН8 Еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, өндірістік персоналды авариялардың ықтимал салдарларынан қорғау шараларын іске асырады

ОН9 Экономикалық есептеулер негізінде ғылыми-техникалық және жобалау-конструкторлық әзірлемелердің нәтижелерін енгізу бойынша ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық шешімдер қабылдайды
 

Тоңазытқыш машиналар мен жабдықтарды пайдалану, жобалау, құрастыру және өндіру

- жобалау-конструкторлық;
- өндірістік-технологиялық;
- инновациялық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- ғылыми-зерттеу элементтерімен есептік-эксперименттік

- төмен температуралар саласындағы физикалық процестер мен құбылыстар; 
- машиналар, аппараттар, қондырғылар, агрегаттар, жабдықтар, аспаптар және аппаратуралар, және басқа да тоңазытқыш қондырғылары мен ауаны баптау жүйелері

 

Оқыту бағытына лицензия нөмірі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға арналған 2025 жылғы 3 наурыздағы № KZ21LAM00001179 лицензияға №2 қосымша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 ақпандағы №303 бұйрығы

Құжаттама

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз